Докторлар диплом алды

Таяуда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңес залында философия докторларының 2010 жылғы түлектеріне салтанатты түрде диплом табыс етілді. Аталған рәсімде 26 мамандық бойынша даярланған философия докторларына университет ректоры Бақытжан Жұмағұлов дипломдарын табыс етті.

Еліміздің беделді оқу орындарының бірі саналатын ҚазҰУ бүгінде PhD докторларының үшінші мәрте түлектерін қанаттандырды. Қазақ ұлттық университеті – посткеңестік кеңістік бойынша соңғы жылдары эксперименталды жүйе негізінде жұмыс жасап, халықаралық стандарттар негізінде мамандар дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың білім саласындағы сауатты саясатының нәтижесінде, ҚазҰУ докторанттары өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын шетелдік жетекші университеттерде жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды.
Қысқа мерзім ішінде халықаралық стандарттарға көшу арқылы қазақстандық білімнің әлемдік беделге ие болғандығы байқалады. Шетелдік 119 жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері ҚазҰУ докторанттарының шетелдегі ғылыми жетекшісі болып табылады. Бұл докторанттардың оқу жылы уақытында 1500-ден аса ғылыми мақалалары танымал шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланды. Ғылыми жетекшілердің ұйғарымы бойынша, еліміздегі үздік университетте жазылған диссертация жұмыстары әлемдік жетекші университеттерде қорғалған ең сапалы жұмыстар болып табылады. Ресейдегі М.В.Ломоносов атындағы МГУ-дің физика факультетіндегі молекулярлы электроника және жалпы физика кафедрасының профессоры Виктор Тимошенконың пікірінше, Қазақстандағы көне білім ордасы әлемдік заманауи ғылымның даму тенденциясын үлкен тәжірибемен ұштастыра отырып, бүгінде ең жоғары кәсіби деңгейде даярланған мамандарды қанаттандырып отыр. Осы түлектердің арасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Жоғары білім және ғылыми-зерттеулер министрлігі арасында бекітілген білім беру саласындағы өзара түсіністік пен серіктестік жөніндегі меморандумға сәйкес білім алған Мысыр Араб Республикасының төрт азаматы да бар.

Эль-Шазли Мухаммед Аббас ДУРАЙ, Мысыр елінен келген докторант:
– Қазақстанда жоғары білім алып, өз мүмкіндіктеріңді көрсетіп, тың идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер мол. Біздің арнайы дипломға қол жеткізуіміз – Қазақстан мен Мысыр елдерінің ғалымдары үшін үлкен мәртебе. Осы сәтті пайдалана отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Мысыр Президенті Хосни Мубарактың батыл саясаттарына шексіз ризашылығымды жеткізгім келеді. Елбасылардың саясатының нәтижесінде түрлі университеттердің студенттері мен ғалымдары алмасып, оқу мүмкіндігіне ие болды.

Мемлекеттік комиссия Дурайдың қорғау жұмысын ерекше атап өтті. Жас ғалымның диссертациясының зерттеу жұмысы нанотехнология саласына бағытталған. Мысыр елінің өкіліне айтылған қаратпа сөзінде университет ректоры: «ҚазҰУ Мысыр елі үшін жоғары білікті мамандар дайындап отыр, алдағы уақытта да Достастық мемлекеттері арасында мұндай мамандарды дайындау жұмыстары жалғасын таба бермек», – деп атап өтті.

Ғылыми жаңалықтар ашып, басылымдарға бірнеше мақалалар жариялаған авторларға ҚазҰУ PhD докторантының 2010 жылғы түлектеріне диплом тапсыру сәтінде арнайы сертификаттар да ұсынылды.

Философия докторларына диплом тапсыру салтанатты рәсімі университетте осымен үшінші рет өтіп отыр. Мерекелік шараға шетелдік елшіліктің өкілдері, консулдық пен мәдени орталықтың, жұмыс берушілер мен университет түлектері де қатысты.

ҚазҰУ PhD докторантурасы 2005 жылдан бастап, өз қызметін атқарып келеді. Қазақстандық философия докторларын даярлауға отандық белді ғалымдар, ғылым докторларымен бірге, Еуропаның, Солтүстік Американың, Жапония мен ТМД елдерінің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарындағы шетелдік ғылыми жетекшілер де белсене араласады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық докторанттары өздерінің шетелдік ғылыми кеңесшілерінің жетекшілігімен Лондон университеті (Ұлыбритания), Колумбия университеті (АҚШ), Лунд университеті (Швеция), Пьер және Мари Кюри университеті (Франция), Вена университеті (Австрия), Йокогама университеті (Жапония), М.В.Ломоносов атындағы ММУ (РФ) сынды және басқа да көптеген әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында ғылыми іс-тәжірибеден өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста