Димаш жаңа клипінен үзінді жариялады

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген «Be With Me» атты жаңа бейнеклипінің аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Жақында «Be with me» атты жаңа бейнебаянымның жарыққа шығатыны туралы жаңалықпен бөліскеніме қуаныштымын! Жарқын эмоциялардың үйлесімі, драйв және басты кейіпкердің батылдығы – бұл ерекше формат. Жаңа оқиға – Жаңа мен! Премьераны жіберіп алмау үшін менің барлық әлеуметтік желілерімдегі жаңалықтарды қадағалаңыздар», - деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

 

 

«Be With Me» әні алғаш рет 2021 жылғы 17 қаңтарда американдық TIXR стриминг платформасындағы «Dimash Digital Show» онлайн-концертінде шырқалған еді.

 

Ән мәтінін Джордан Аракелян мен Дәурен Шамұратов жазған. Джордан негізгі ағылшынша мәтінде жазса, Дәурен қазақша рэп мәтінін шығарды.

 

Dimashnews порталының жазуынша, «Be With Me» әнін Димаштың өзі әрлеген. Әуелі демонұсқасын нобайлап, кейін оған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрінің бас дирижері Абылай Тілепбергенов ойнаған домбыра партиясын қосқызған.

 

Димаш әндерінің тұрақты өңдеушісі, саунд-продюсер Ерлан Бекшурин деможазбаның мәнерін өзгертіп, бастапқы құрылымы мен бас әуенін сақтай отырып, қосымша ырғақтар қосыпты.

 

Осыдан кейін ол Әділжан Толықпаевты шақырып, домбыра партиясын қайта жазып шыққан.

 

Бұл тандемге композитор Ренат Гайсин қосылып, клавинет пен үрмелі аспаптар партиясын кіргізген.

 

Мәскеулік музыкант Марсель Хакимов бас партиясын қайта жазып шығады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста