Димаш Құдайбергеновтің сүйіктісі кім?

Күллі әлемді талантымен тәнті еткен қазақ әншісі Димаш Құдайбергеновтің жеке өмірі қытайлық тыңдармандарының қызығушылығын тудырғанға ұқсайды. Жуырда аспан асты елінің журналистері жас дарынның жеке өмірін «қазбалап», әсіресе қыздар қауымына қызықты ақпараттар жариялады. Сөйтсек, Димаштың сүйіктісі бар екен және олардың кездесіп жүргеніне де біршама уақыт болыпты, деп хабарлайды Baq.kz.

Қытайлық басылымдардың бірі «I Am a Singer» ән байқауының конкурсанты Димаш Құдайбергеновтің жеке өміріне қатысты құпиясын дүйім жұртқа жария етті.

Димаштың жүрегін жаулаған арудың аты-жөні Нұрсәуле Әубәкірова екен. Ол Астанадағы ҚазҰӨУ-де режиссер мамандығын меңгеріп жатыр. Айта кетсек, Димаш Құдайбергенов те осы оқу ордасының түлегі.

Қытайлық Huanqiu.com басылымы Димаштың сүйіктісінің есімін жария етіп қана қоймай, қыздың инстаграм парақшасындағы суреттерін де таратты. Алайда БАҚ-тың назарына іліккен аккаунт көп ұзамай жойылды. Дегенмен ізденімпаз журналистер Нұрсәуленің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасын тауып алған. Қазір инстаграмда Нұрсәуле Әубәкірованың «фейк» аккаунттары жүздеп саналады.

Естеріңізге салып өтсек, Димаш Құдайбергенов Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан«I Am a Singer» байқауында бақ сынап жүр. Байқау барлығы 14 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде отандасымыз француз тілінде «SOS d'un terrien en détresse» әнін орындап, бірінші орын алды. Екінші турда Витастың «Опера -2» әнін шырқап, Қытай халқының көзайымына айналды. Бұл кезеңде де Димашқа тең келетін ешкім болмады. Ал үшінші турда жас әнші 3-ші орыннан көрінді.

Құдай берген талантымен төрткүл дүниеге Қазақ елін танытып жүрген Димаштың өнеріне әлемнің әйгілі жұлдыздары да тәнті болды. Жақында Димаштың өнерін теледидардан тамашалаған белгілі актер Джеки Чан отандасымызбен кездесіп, оған сыйлық жасады. Оның алдында танымал әнші Лара Фабиан да Димашты кездесуге шақырған болатын.

 


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста