Бүгін Алматы қаласындағы «Цезарь» кинотеатрында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған деректі фильмдердің фестивалі басталады.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырып отырған бұл шараға бірқатар қазақстандық режиссерлердің туындылары ұсынылмақ.
Көптеген қиындықтарға қарамастан, соңғы жылдары Қазақстанның кино саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өту керек. Отандық киноөндірісті дамыту мақсатында тек көпжанрлы көркем фильмдер ғана түсіріліп қоймай, сонымен қатар жыл сайын мәдениет, ғылым саласын қамтитын 30-40-қа жуық деректі фильм де түсіріліп жатқандығы белгілі. Қазақстан мен Орта Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Қазақстанның жаңа деректі фильмдері» атты осы фестиваль соның айғағы іспетті.
Бір апта бойы көрермендер назарына ұсынылатын фильмдердің барлығы да елге, өнерге қалтқысыз қызмет еткен ұлы тұлғалардың өмірінен сыр шертетін туындылар болмақ.
Фестиваль барысында көрермендер фильмдердің кейіпкерлерімен, режиссерлермен пікір алмасып, сұхбаттаса алады.
Барлық қойылымдардың басталуы сағат 11.00-де. Фестиваль 7 наурызға дейін жалғасады.
Деректі фильмдер шеруі
Последние статьи автора