Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырмандары! Біздің сайттағы «... ДЕПТІ» айдарында бұдан былай сіздердің назарларыңызға халық арасында айтылған әзіл-шыны аралас әңгімелер мен кей қалжыңқойлардың оқыстан, дер кезінде дөп басып айтқан сөздерін кезең-кезеңімен ұсынатын боламыз..
“ТҮРМЕГЕ БАРУДЫҢ БIР-АҚ ЖОЛЫ БАР ҒОЙ, ҚЫЛМЫС ЖАСА...”
Жастар жүрген жер – мереке. Жамбыл облысында өзiндiк үн, жарқын бағытымен дараланған жастардың “Арай” атты газетi бар. Онда кiлең талантты, талапты жастар шоғырланған. Қалжыңды жандары сүйетiн олар мақала жазудан қолдары қалт еткен кездерiнде әзiлдесiп отырады. Жарық көргенiне 7 жылға жуықтаған газетте алғашқы нөмiрiнен бастап еңбек етiп келе жатқан журналистiң бiрi – Есет Досалы. Есеттiң айтқан әзiлдерiн оқырман оқырман назарына ұсынамыз.
“Арай” газетiнiң жаңадан ашылған кезi болса керек. Газеттiң сол кездегi бас редакторы Болат Бекжанов бiрдi-екiлi мақаласы “Арайда” жарық көргеннен кейiн шақыртып: “Бiз сенi газетiмiзге тiлшiлiк қызметке алайық деп ұйғардық” десе Есет: “Дұрыс болған екен, аға. Қарап жүргенше iстей берейiн”, – дептi.
***
Бiрде тiлшi Қамар Қарасаева Тараздағы түзеу мекемелерiне қатысты газетке мақала әзiрлеуi қажет болып, әрiптестерiнен “Түрмеге қалай баруға болады?” – деп мекенжайын, барар жолды сұрайды. Сонда Есекеңнiң сөйлеп қалған аузы: “Түрмеге барудың бiр-ақ жолы бар ғой, қылмыс жаса”, – дептi.
***
2009 жылы “Тараз” футбол клубына бiрнеше жаңа ойыншылар (легионерлер) алынды. Олардың арасында камерундық футболшы Тити Ессомба да бар болатын. Жаңа ойыншылардың қабылдануына байланысты “Тараз” футбол клубы басшылығы БАҚ өкiлдерiмен мәслихат өткiзiп, сол жиынға Есекең де қатысқан екен. Таразда өткен сол жиындар бастан-аяқ таза орысша өтедi. Есекеңнiң орысшасы қайбiр оңған дейсiз. Жұмысқа келгеннен кейiн бастығы: “Жиында не айтылды? Африкадан футболшылар алдырыпты деп жатыр едi ғой...” деп сұрапты. Сонда Есекең: “Аға, шынымды айтайын, Тити (негр жiгiт орысшаны бiлмейдi дегенi) екеумiз түкке түсiнбедiк”, – деп бастығына езу жиғызбапты.
***
Бiрде мерекелiк күнге орай газетте шағын отырыс болады. Ойын ойналады. Тiлшi Тұрмаханбет Қазақбай ағаның қолында гүл бар. Ойын шарты бойынша Түкең оны ең аяғы түзу қызға беруi тиiс. Ағамыз әрi-берi қарап тұрады да, әлгi гүлдi бiрер аптада декретке кетейiн деп жүрген газеттiң жауапты хатшысы Шолпанға бередi. Сонда Есекең: “Тұрмаханбет аға, сiз ең аяғы түзу қызға емес, ең аяғы ауыр қызға бердiңiз ғой”, – деп ұжымды күлкiге қарық қылыпты.
***
Суық күзде Есекең орталық алаңға таң азанмен жастардың жиынына барады. Ондай жиындарға студенттер қайбiр өз ерiктерiмен барып тұр дейсiз? Әрi күн суық. Қолдарына жалаушалар ұстап алған жастардың жалаушаларды қисайтып, ынтасыз көтерiп тұрғанын аңғарған Есекең: “Жалаулар мен жаураулар”, – деп әндеткен екен.
Ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Өнер» баспасынан
Егделеу жазушы Бауыржанға жолығып
Сәлеміне жауабы
«Сәбең мен Қапан Сатыбалдин»
«Балақаев ауырып қалды»
«Самтрест» пен ақын
Ақын сүйсе несі айып?
Сан сапаға жеткізеді
Жетеу мен екеу
«Бір нөлін алып тастай сал»
Қасым неге сыналды?
Садықбектің өлеңі
Мұз еріп, тұман түсті
Өлеңнің «Төлеуі»
Жүйрік машина
Маралтай ақынның «...дегендері»
Ашу қысса
Менің басым қайда кеткен?...
Дарқан мінез
Аптаның әр сейсенбiсiнде өтiп тұратын
Зекеңнің ашуы
Қайталанған қате
Май мен су
Рақымжанның ренжіші
Шетен қалпақ
Тапқыр жауап
Жаман Хама
Өкше басар іні
… депті жинағының сілтемесіне басыңыз