Кеше Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында жас суретші, дизайнер Ақмарал Еспенбетованың «Дебют» деп аталатын тұңғыш жеке көрмесі ашылды.
Өнерлі жанұяда өскен Ақмарал 12 жасында балалар шығармашылық үйіндегі тігін курсына барып, оны екі жылда меңгеріп шығады. Ал 2002 жылы экономика мен математиканы тереңдетіп оқытатын №55 мектептің 9-сыныбынан кейін О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәулет-қолданбалы өнер колледжінің дизайн факультетіне түседі. Оны 2006 жылы киім дизайнері, ал 2008 жылы Милан қаласындағы Еуропалық дизайн институтын киім және тоқыма дизайны мамандығы бойынша бітірген. Италияда оқып жүріп Милан, Флоренция, Болония сияқты түрлі қалаларда өткен байқауларға және көрмелерге қатысып, шеберлігін шыңдаған қолөнер шебері 2009 жылы Қазақ-Британ техникалық университетіне оқуға түсіп, 2008 жылы маркетинг және менеджменттегі іскерлік әкімшілік магистрі болып шықты.
Ақмарал Еспенбетова сурет пен кескіндемелік 30 және керамикалық табаққа салынған 12 туындысын ұсынып отыр. Көрме 12 мамырға дейін созылады.
«Дебют» көрерменін күтеді
Последние статьи автора