«Хабар» арнасындағы «Компромат» бағдарламасына сұхбат берген «Орда» тобының әншісі Дастан Оразбеков Төреғали Төреәлімен не себепті түсініспей қалғанын айтып беріпті.
Дастанның айтуынша, өзгне елдің әндерін қазақ тіліне аударып айтатын Төреғалиға ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүргенді қою керек.
«Мен, Төреғалиға «сен ұрлықшысың» деп тұрған жоқпын. Бірақ, дардай атағың бар. Дақпыртың да күшті. Осы себепті де біреудің әнін алып, оны өз әнің сияқты орындау дұрыс емес. Онда өнердің не сәні, не дәмі бар? Оның қандай сапасы болады?» – дейді Дастан Оразбеков.
Әріптесін сынап тастаса да, әзіргі күні Төреғалимен арадағы арақатынасы түзу екен.
«Өмірде кездескен сәтте өзіне де айтып жүрмін. Біз онсыз да тату азаматтармыз. Сондықтан бұл жайт арамызға кір түсірген жоқ. Төбелесіп не жағаласқан жоқпыз», – деп түйіндеді сөзін «Орда» тобының әншісі.