Бүлдіршіндер мәнерлеп оқудан сайысты

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек» деген Мағжан Жұмабаевтың аталы сөзін негізгі ұстанымына айналдырған Астана қаласындағы «Әсем-ай» балабақшасының тәрбиешілері тағылымды шара ұйымдастырды.
Балабақша тәрбиешілері мектеп жа­сына дейінгі бүлдіршіндердің танымын дамыту мәнерлеп оқуға да байланысты деп санайды. Осыған орай, бүлдіршін­дер­дің бойына патриоттық сезім қалыптас­тырып, өнерін көпшілікке таныту мақса­тын­да «Кел, балалар, оқылық!» деген атаумен байқау өткізді. Шараға Астана қаласының Білім беру басқармасы мұрын­дық болып отыр. Байқауға қаланың Са­рыар­қа, Алматы және Есіл ауданда­ры балабақшаларының 5-6 жастағы бүлдіршіндері қатысып, қазақтың інжу-маржандарынан, ақындардың өлең-жырларынан үзінді оқыды.
«Байқаудың басты мақсаты – ана тілі­міздің байлығын бүлдіршіндердің бойына сіңіріп, сонымен қатар отансүйгіштікке баулитын және классикалық шығармалар­ды насихаттау. Ең бастысы, өлеңді мәнер­леп оқуға жаны жақын балапандарымыз­дың талабын жігерлендіру және оларды көпшілік алдына шығару еді. Жас балдыр­ғандардың тиянақты, жүйелі жауап беруі­не, топ алдында еркін сөйлеуіне тәрбие­шілер де біраз еңбек сіңірді», – дейді «Әсем-ай» балабақшасының меңгерушісі Анар Смакова.
Жас талапкерлердің бабын «Балалар шығармашылығы» журналының бас ре­дак­торы,  ҚР Мәдениет қайраткері Ә.Жақы­п­ұлы, «Алаш айнасы» газетінің өкілі Э.Еркін­бекова, Астана қаласының Білім беру бас­қармасының мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Ж.Дүйсенова және қазақ тілі пәні­нің әдіскері М.Қаламова құраған қазылар алқасы бағалады. Қорытынды нәтижесін­де, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озған кішкентай жеңімпаздар диплом, сертифи­каттармен марапатталды.
Жанар ДҮЙСЕНОВА, Астана қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі бөлімінің әдіскері:
– Негізінде, екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты сөйлемдегі ой мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқу бүлдіршін­дер­дің танымын дамытады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Мәнерлеп оқуға балалардың жасына қарай жеңіл мәтіндер алынды. Бұндай шараларды жиі өткізіп тұру керек деп ойлаймын.

Айна ЖЕКСЕБАЕВА, Қазақстан Президентінің іс басқармасының медицина орталығы «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі:
– Мәнерлеп оқу – мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің таным әрекетіне әсер етеді. Бала ойының жалпы дамуы осыған байланысты. Мәнерлеп оқу әрекеті – күрделі, жан-жақты үрдіс. Сондықтан баланың барлық әрекетін, рухани күшін қажет етеді. Десек те, баланың өздігінен оқуы ақыл-ой дағдыларын қалыптастырады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста