Айқын Төлепбергеннің жары Жұлдыз Өмірғали тамағы қызарып, ауырып қалыпты. Әншінің кішкентай қызының бойынан дәл осындау ауру белгілері байқалды.
Бұл туралы Жұлдыз Өмірғали желіде хабарлады.
Әнші екі күннен бері қызы Айя екеуінің тамағы ісіп тұрғанын айтты. Анасы мен қызының бойын әлсіздік билеп, оларды қорқынышты күйге түсірді.
"Екі күн бұлай қорықпаған едім. Үшінші күні қорқып тұрмын. Әлсіздік басым. Дәрігерлер система алуға кеңес берді. Бүгіннен бастап система аламын. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін", - дейді әнші.
Желідегі оқырмандары оның денсаулығына алаңдап сан сауалдар қойып үлгерді.
"Тест тапсырып көрмедіңіз бе?", "Аты жаман ауру жұқтырып алмадыңыз ба? Сақ жүріңіз", "Емделсеңіз бәрі жақсы болады", "Тезірек жазылып кетіңіздер, қызыңыз ауырмасыншы, балалар ауырмаса екен", "Саулығыңызды тілейміз", "Бұл ауру қашан тоқтайды", - деді желідегілер.
Осыдан соң әнші дене қызуын түсіретін парацетамол дәрісін ішіп емделгенін айтты.