Қазақ эстрадасының бірқатар жұлдыздарына танымал «хит» әндерді жазған Арман Қайназаров бүгінде көше кезіп, бомжға айналған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесінің аянышты күйі қазақстандықтардың аяушылығын туғызды.
Арман Қайназаровтың көше кезген видеосы әсіресе қызыордалықтардың жанына батқан. Олар өнер иесіне қолдау көрсетіп, оны түзу жолға салуға ниеттеніп отыр.
Арман Қайназаровтың өзі болса өмірінде орын алған жағдайларды былай деп еске алады:
«Қыдырәлі Болманов, Қарақат, Ұлықпан Жолдасовқа бір-бір ән шығарып бердім. Абай Бегейге «Аңсағаным» деген ән шығарып бердім. Қызылорда облысы Қазалы ауданы туған жерім, руым әлім», - дейді.