Болат Жолдасов, гитарист: Әнші болып кетуім де ғажап емес...

Болат Жолдасов, гитарист: Әнші болып кетуім де ғажап емес...

- Өнерлі отбасында өскеннен кейін өнер жолын таңдауыңыз заңдылық та шығар. Өнер әлеміне алғашқы баспалдағыңыз қалай басталды? Ата-анаңыздың осы жолда қосқан үлесі қаншалықты?
- Мектепте оқып жүрген кезімде қызық қуалап жүріп, өнерге калай келгенімді білмей де калдым. Өте бұзық болатынмын. Қазіргі кезіммен салыстыра қарағандар бұл сөзіме сенбейтін де шығар. Алайда расы осы. Мұғалімдерім «Әкең сияқты әнші боласың ба?» десе, мен «Жоқ, ғарышкер боламын» дейтінмін. Ұшқыш не ғарышкер болуды армандамаған бала кемде-кем шығар. Мен де балаң қиялыммен аспан төсінде қалықтауды армандайтынмын. Қиялыммен қыр асып, талай арманның жетегінде жүргенімде қолыма қалай гитара ұстағанымды білмей де қалдым. Жетінші сыныпта оқып жүргенімде әкем Ұлықпан Жолдасовтан гитарада ойнауды үйрендім. Содан бастап В. Омаров деген мұғалімнен гитарада сабақ ала бастадым. Келе-келе жақсы ойнайтын дәрежеге жеттім. Әкем менің шығармашылығыма қолдау білдіре бастады. Содан басталған өнер әлі де жалғасын тауып келеді. Менің продюссерім де, жетелеушім де - әкем. Мәселен, «Алтынбек Қоразбаев Мейрамбектей талантты тауып, тәрбиеледі» деп жатады ғой. Сол сияқты менің өнеріме де жанашырлық танытып, демеу болып келе жатқан - әкем. Анам да шығармашылық жағынан көмек бере алмағанымен, сахналық костюм таңдауда, басқа да жағдайларда қосар үлесі мол. Қарындасым Фарида екеуміздің арқа сүйер асқар тауымыз да, сүрінгенде таяныш болар демеушіміз де ата-анамыз. Оны мақтанышпен айта аламын. Болашақта жүзеге асса деген арманым да, жоспарым да көп. Кезең-кезеңімен іске асып жатса құба-құп. Нәтижесін алдағы уақыт көрсетер. Оның төрешісі әрине, тыңдарман қауым. Сол төрешілердің көңілінен шығу үшін талмай тер төгуге тырысамыз. Үлкен жетістікке жету үшін ауызбен орақ орып емес, іспен дәлелдеп жатсақ ерлегеніміз.
- Ән, музыка өңдеумен айналысатыныңызға қанықпыз. Сазгерліктен де құралақан емес шығарсыз?
- Сазгерліктің ауылы отбасымызға жақын қонған. Әкемді көпшілікке таныстырып жатудың өзі артық шығар. Қарындасым Фарида Жолдасованың өзі шығарған екі-үш әні бар. Кезінде тыңдарманның көңілінен шығып, өз бағасын алған. Мен де бұл жағынан құралақан емеспін.
- Келешекте әнші ретінде танылу ойыңызда жоқ па?
- Өзім ән шығарсам да, негізі ән айтқанды онша қаламаймын. Дегенмен мүмкін келешекте әнші боп кетуім де ғажап емес.
- Өзіңіз келешекте продюссерлікпен айналысу жоспарыңызда жоқ па? -
- Шоу бизнеске енді араласып жатқан жоқпыз ғой. Бізге продюссердің мүлде қажеті жоқ. Байланысымыз да, талантымызды мойындайтындар да шүкір жетерлік. Продюссер өнер өлкесіне енді ғана қадам басқандарға керек шығар. Әрі қарай баспалдақпен жоғары өрлеу үшін... Өзім продюссерлікпен айналысуға деген ниетім жоқ. Алдағыны айтып болмайды ғой. Музыкалық білімім бар. Чайковский атындағы музыкалық мектепті бітіргем. Кім біледі, алдағы уақытта бизнесмен болып кетуім де мүмкін. Бақытымды бизнестен табуым да мүмкін. Бәрі де мүмкін ғой. Тек қана өнер жолын қуып, үнемі гитара ұстап жүремін деп айта алмаймын. Басқа мамандыққа оқып жатқаным да сондықтан. Арманым алдамайтын шығар. Басқа да мақсат, мұраттарым бар. Оның бәрінің орындалғанын немесе орындалмағанын төреші уақыт көрсетеді.
- Қысқа да нұсқа сұхбатыңызға рахмет! Іске сәт!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста