"Бишараның күнін кешесің": Нұрлан Албан марқұм анасын еске алып, жылап қалды

Нұрлан Албан шешесінің тірі кезде жасаған жақсылығын айтып, көзіне жас алды. Әнші барша адамзатты аналарды сыйлауға, уақытында қадірін білуге шақырды. 6 жасында әкесінен айырылған ол қатарынан кем қылмай өсірген анасы туралы Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Айтуынша, марқұм анасы Нұрланның "әкесіз ұл" екенін білдірмеуге тырысқан. 

"Директордың баласы қандай портфель ұстаса, мен сондай ұстадым. Завучтың қызы қандай қаламсап ұстаса, мен сондай ұстадым. Қатардан қалысқан жоқпын. Бүкіл махаббатқа ие болған адаммын. Шешем өсірді, жеткізді, оқытты, еркін болып өстім, ойымды бүкпесіз айта алдым. Бүгінде кіммен мақтанасың десе, әкеме жер хабар бермесін, әруағы риза болсын, мен шешеммен мақтанамын", - деді Нұрлан Албан.

"Бұл өмірде бәрі қателеседі": Сара Амангелді жеке өміріне қатысты сыр шертті

 

Өнер иесінің анасы шамамен 6-7 жыл бұрын мәңгілік сапарға аттанған. Сол кезде үлкендер "уақыттың емші екенін, бұл күндердің ұмытылатынын" айтыпты. Алайда қанша уақыт өтсе де, шешеге деген сағынышым үдемесе, кеміген жоқ, дейді өнер иесінің өзі. 

"Шеше ол - сенің бағың. Шешең бар кезде, Аллаһтың қалауымен, жаннаттың қанша есігі болса, бәрі ашық. Шешең барда, Алла саған қорған береді. Ол шешеңнің алақан жайып, тілеген дұғасы, ниеті. Шешең кеткен күні сол есіктер жабылады, сен үшін ешкім дұға жасамайды. 
Шеше кеткеннен кейін, Құдайдың құлы екеніңді толық сезінесің. Мұрныңнан боғың, көзіңнен жасың ағып, тырнағыңның көмесінен қан сорғалап, маңдайыңды тасқа да, тауға да ұрып, мүжіліп, бүгіліп, өмірдің көшінен қаламуға тырысасың. Шеше деген - өмір", - деді әнші.
Өнер иесі бүгінде бала-шағасының ортасында шалқып жүргенімен, оңашада анасын жиі еске алатын көрінеді. Анасына қатысты қандай да бір естелік болса, қалт жібермеуге тырысады. Мұрағаттағы видеолардың бірі Нұрланды ерекше толқытып, көзіне жас келтірді. 


КешYou-дің экс-солисі әншілікті тастап, бет әрлеуші болып кетті


"Шеше мені жақсы көресің ба десем, сенсіз өткен өмірім құрысын, сенсіз өмір өмір ма?" дейді. Шешемді сағынамын. Секунд, минут, ай, жыл сайын сағынамын. Бауырларым да дүниеден кетіп жатыр, Алла мейіріміне бөлесін. Бірақ шешемді ерекше сағынамын", - деген Нұрлан Албан бетін басып, жылап қалды.
"Мені көріп отырған көрермен "мынау неге көз жасын төгіп отыр?" деп, кейбір санасыз еркектер "неге қатын сияқты жылап отыр?" деп айтуы мүмкін. Бастарына бермесін. Керісінше соларға айтарым, шешеңнің көзі тірі ма, бағалап қал. Жаныңда ма, еркелеп қал, мейірімің қанғанша иіске, сүй, құшақта. Айтқан сөзін қалт еткізбей орында. Күл, қабақ шытпа. Өйткені шешеңді жоғалтқан кезде жер сипап қаласың, түксіз қаласың. Нағыз бишаралық өмірді бастан кешіресің", - дейді өнер иесі.

Көзі тірі кезінде анасын барынша қадірлеуге тырысқан Нұрлан өз балаларына да сондай тәрбие беруге тырысады екен. 

"Нұрислам мен Нұрәли ересек болып қалды, сана кіріп қалды. Оларға математиканы, физиканы үйрен демеймін. "Балам, саған Алла бір рет қана бір әке, бір шешені нәсіп етеді. Әкең жынды, ақымақ болса да, шешең нашар болса да, сен киіме. Киісең, Алла саған басқа әке-шеше бермейді. Сен соған шүкіршілік қылып, керісінше әкең мен шешеңнің кемшін тұсы болса көрсетпеуге, мерейін өсіруге тырыс. Егер ел біліп қойса кемшіліктерін, сен мықты істеріңмен бүкіл елдің назарын өзіңе қаратып ал да, әке-шешеңе сөз келтірмеуге тырыс" деп айтамын", - дейді әнші. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста