«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін аталған опера және балет театрында қазақтың көрнекті композиторы Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына орай оның үздік шығармаларының бірі «Бiржан-Сара» операсы Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Юрий Александровтың қойылымында ұсынылады.
Операның жаңа музыкалық редакциясының авторы – Абзал Мұхитдинов. Басты партияларды орындайтындар – опера сахнасының жұлдыздары Қазақстан және Татарстан Республикаларының Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева және Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Ахмет Ағади. Алтынайдың рөлін – белгілі опера әншісі Жаннат Бақтай, Естайдың партиясын Бейімбет Таңарықов орындайды. Қоюшы режиссердің алға қойған басты міндеті – операны бүгінгі жас буынға түсінікті етіп, бірінші кезекте көрерменге жеке бас драмасы мен мәңгілік махаббат идеясын жеткізу.
«Біржан-Сара» – Астанада
Последние статьи автора