Біржан мен Сара айтысы – түпнұсқада

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Сара Тастанбекқызы деуге толық негіз бар. Себебі 13 жасында ел аузына ілініп, ақындығымен аты шыққан Сараның айтыс өнеріндегі қолтаңбасы ерекше болатын. Қалың қазақ арасына Сараның Тәсібек, Ермек, Құдайберген, Төребай секілді азулы ақындармен айтыстары тарап кеткен. Бірақ олардың ішіндегі шоқтығы биігі – Біржан салмен арадағы айтысы. Жұрт жадында жатталып қалғаны да – осы айтыс.
XVIII-XIX ғасырдың ақындары туралы деректердің көпшілігі ауыздан-ауызға тара­ғандықтан құжаттамалық мәліметтер өте аз. Сондықтан кітаптың құрастыру­шы­лары Қазан қаласының мұрағатынан «Қис­са, Біржан мен Сара қыздың айтыс­қаны» деген атпен 1900 жылы Қазан қа­ла­сында басылып шыққан Жүсіпбекқожа Шайхысламұлының айтыс мәтінінің түп­нұсқасын көшіріп алып келген.
Біржан мен Сараның айтысы тарихта болмаған, оны Қазақтың талантты ақыны Әріп Тәңірбергеновтің жазғаны деп даула­сып жүргендер әлі күнге дейін табылады. Бірақ өткен ғасырдың 70 жылдары Ғабит Мүсірепов бұл мәселенің нүктесін қойған еді. Араға 40 жыл салып бұл мәселенің түбі шикі деп шүйлігетіндер тағы бой көтер­ді. Қазақтың дүлдүл ақын қыздары­ның бірегейі Сара Тастанбекқызы туралы оқырман қолына тұшымды туынды, тың­ғылықты зерттелген, ғылыми негізі бар дү­ние ұсыну үшін Халықаралық «Алаш» әде­би сыйлығының иегері жазушы-журналист Шәрбану Бейсенова мен филология ғы­лы­мының кандидаты, ақын Жанат Әскер­бек­қызының аз тер төкпегені көрініп тұр.
«Сара саңлақ» деп аталатын бұл кітап  – Сара Тастанбекқызы туралы толық ақ­па­ратты қамтитын «Тордағы тоты» атты кітап­тан кейінгі екінші басылым. Оған да 30 жылдай уақыт өтіп кеткен екен. Дәл осындай сауапты істің басы-қасында қазақ руханиятының жанашыры «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Төлеубайұлы Салжа­нов мырзаның жүргені келген көпшілікті бір серпілтіп тастады. Кітап мазмұны әде­биет пен айтыс өнерін зерттеп жүрген ізде­німпаздарға және жалпы оқырманға тап­тырмас құндылық деп білеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста