"Бір кісіге ренжулімін": Лотерея ойнатқан Нұрлан Еспановтың басы дауға қалды

Отандық танымал әнші Нұрлан Еспанов желіде лотерея ойнатпақ болып, халық арасында "алаяқ" атанып кетті. Өнер иесі басын дауға қалдырған шулы оқиға жайлы алғаш рет тіс жарып, ұтыс ойнына қатысты бар шындықты айтты деп жазады "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Еспановтың айтуынша, ол ұтысты ойнатудағы басты мақсат - қайырымдылық жасау болған. Шоу-бизнес жұлдызы оқиғаның қалай өрбігенін білмеген көпшілік оны әділетсіз түрде сынап жатқанын жеткізді.

Өнер иесі лотереяны ұйымдастыруға қатысты егжейлі-тегжейлі тоқтала кетіп, үрдістің қалай жүргенін баяндап берді.

"Мен алаяқ емеспін. Ол айтылып жатқан өсек. Бұған дейін бір лотерея өткізгенмін. Маған Нұрсұлтан деген інім келді. Сондай жақсы әрі шынайы азамат. Ол маған келіп, "Нұреке, сіз енді өнер жұлдызысыз ғой. Сіз аоқылы біраз жұмыс жасасақ" деді. Маған "Сіз жай ғана жарнамасына түсіп беріңізші" деді.
Біз енді кәсіпкер емеспіз ғой. Зат сата алмаймыз, түрімізді сатамыз . Ол маған "үш жарым миллион теңге берейін" деді. Жақсы болғанда, ол сол ақшаны алып қалтама салып қойса жақсы ғой. Сол кезде Арыста төтенше жағдай орын алды. Мен өзім Арфстың құрметті азаматы, сол жердің азаматы болған соң оларға көмектесуім керек болды.

Сол кезде мен Нұрсұлтанға сол ақшаға одан да мұқтаж жандарға көмектесіп келуін тапсырдым. Қожанов мектебіне барып, 114 балаға 30 мың теңгеден форма сатып алып бердік. Мен ол ақшаны қолыма ұстаған жоқпын, көрген де жоқпын. Бірақ жарнамасына түсіп соңына дейін апарып бердім" , - деді ол.
Әнші бұл қайырымдылығын негізінде айтқысы келмеген. Алайда, басына түскен бұл жайт оны істеген игі істерін жария етуге мәжбүрлеген.

"Нұрлан мақтанып жатыр" деп айтқызбас үшін ешкімге сыр шертпеген едім. Мәселен, оның алдында 570 автокөлігімді беріп жіберген. Ішіп-жейтіндері болсын деп ойладым. Ол кезде өзім Түркияда жүрмін" , - деді әнші.
Нұрлан Еспанов аталмыш лотереяны жүргізбес бұрын оның ресми құжаттарын толықтай қарап шығып, оның шынайылығына көз жеткізгенін айтты.

"Мен құр жай келісе салмаймын. Мен мұндайдың барлығынан өтіп кеткен адаммын. Барлық қағаздарын көрдім. Ол мен өткізіп жатыр екен деп алып кете салатын автокөлік емес. Ол дегеніміз автоорталықпен бірігіп жасалып жатқан дүние ғой. Соған көз жеткіздім. Барлығы заңдастырылған. Мен ол көлікті алып кете алмаймын. Тек кілтін табыстаймын. Ол автокөліктердің ақшасы толықтай жиналмай, орталық оларды бермейді.
Жақында Нұрсұлтан маған тағы да келді. Осы жолы 20 автокөлік тігіп жатыр екен. 20 сал ауруына шалдыққан балалрға арбасын алып береміз деді. Ол жігіт негізінде қайырымдылыққа жақын адам. Көздегені пайда табу емес. Мен оған көз жеткіздім. Бірінші лотореяны ашқанымда ішінде бір нөмір түсті. Қарасам, мүгедек баласы бар жесір әйелге түсіпті. Сегзі-ақ теңгеге билет алып, жеті миллионның автокөлігін алды. Өзіне беріп жібердік" , - деді өнер иесі.
Оған қоса, эстрада жұлдызы мәселенің анық-қанығын. білмей, өзін сынға алған тележурналиске өө ренішін білдірді.

"Арман Сқабылұлы деген ағамыз әрдайым мен туралы кері пікірдегі нәрселер жазады екен. Жиі жазады екен. Осы бағдарлама арқылы сол кісіге үндеу жасасам деймін. Ареке, сіз алдымен мәселені біліп алмайсыз ба. Мен Арысқа қайырымдылық жасап жатырмын.Оны негізі айтпауға тиіс едім. Бірақ, сіз фэйсбуктан тиісе бергендіктен мен айтуға мәжбүрмін. Бұл жағдайды жеке өзіме хабарласып шешуге болатын еді" , - деп өкпесін білдірді Еспанов.
Нұрлан Еспанов желіде халық шулағанымен, дәл сол ұтыстарға қатысқандардың ешқайсысы оған наразылығын білдірмегенін алға тартты. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста