"Бетсіз" беташарларды тоқтату қажет - Марат Тоқашбаев

Қазақтардың үйлену тойын өткізуге қатысты осы заманда пайда болған жөн-жоралғылар аз сыналып жатқан жоқ. Олардың бәрі де ұлттық дәстүрімізге сай болмай жатады. Мысалы, үйленген екі жастың да туыстары жиналатын мейрамханадағы тойда беташар жасау тіпті түрпі көрінеді.

Белгілі журналист Марат Тоқашбаев Фейсбуктегі парақшасында осы жайт төңірегінде өз пікірін білдіріпті. Біз соны қаз қалпында жариялауды жөн деп таптық.
"Қазақта көп тойлар онсыз да бір жарым-екі сағат кешігіп басталады. Содан «жар-жар» айтып жас жұбайларды ортаға шақырады. Ары қарай "Беташарға" кезек беріледі. Беташар айтушы тойға жігіт жағынан келгендерді түгелдей атап шығуға бейім. Өйткені табаққа түсетін көрімдік көбейеді. Бұл рәсім онсыз да күтіп қалған қонақтардың тағы 20-30 минут уақытын алады. Өз басым тіпті шаршап кетем.

Көп жағдайда тойлардағы осы "беташар" рәсімі тек әншейін "спектакль" ғана. Өйткені, келін түскелі екі-үш апта, тіпті бір-екі ай өтіп кеткен. Үйде беташар тойы жасалған. Тіпті бірде беташардан кейін, той үстінде жас келін толғатып, "Жедел жәрдем" келіп алып та кеткен жағдайлар болған. Сонда өтірік беташардың қажеті қанша?! Ол кімге керек? Әдетте қазақи салтта беташар үйге келін түскен бойда, оң аяқпен босаға аттаған сәтте айтылады. Әрі онда бүкіл ауылдың бәрін тізбейді. Тек ет жақындарды ғана жырмен таныстырады. Бұл дұрыс-ақ.

Ал босаға аттап қойған соң бәлен уақыттан кейін өткізілетін тойда тағы беташар айту асабадан басқа ешкімге қажеті жоқ. Өзімізді сыйлайық. Уақыттан қымбат нәрсе жоқ. Қонақтардың сол қымбат уақытын сыйлайық. Сондықтан мұндай "бетсіз" беташарларды тоқтату қажет деп ойлаймын!" 

kaz.caravan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста