Бес адам бас жүлдемен оралды

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты конкурстың республикалық кезеңіне қатысқан оралдықтар өңірге үлкен табыспен оралды.
Сайысқа облыстан 26 адам қатысқан-тұғын. Батыс қазақстандықтар 10 аталымның бесеуінен жүлдегер атанып қайтты. Мейрамгүл Ғалиева (М.Өтемісов атындағы БҚМУ) «Үздік студент» аталымы бойынша – І орынды, Жібек Камалиева (нашар еститін балаларға арналған облыстық мектеп-интернат) «Ақылдылар» аталымы бойынша – ІІ орынды, Сергей Ионов «Жасампаз» аталымы бойынша – ІІ орын, Ришад Жылқайдаров (Сырым ауданы) «Үздік әлеуметтік жоба» бойынша ІІІ орынды, Гүлбаршын Тілеуғалиева (Орал қаласы) «Алтын қауырсын» аталымынан ІІІ орынды иеленді.
Жұмажан ҚОЖАНОВ, БҚО мүгедектер қоғамының төрағасы:
– Жүлдегер атанбаған қатысушылар үлкен додада өздерін сынап, алдағы уақытқа бағыт-бағдар алды. Байқау әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкер­лерінің күнімен қатар келгендіктен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік жобаларға қатыс­ты үлкен конференция ұйымдас­тыр­ды. Әр облыс өзінің әлеуметтік жобаларымен, жоспарларымен бөлісті. Жұмысын көрсеткен біздің облыстың «Бәйтерек» қоғамдық ұйымы мара­патталды.

– Шешуші кезең үш бөлімнен тұрды. Алдымен өзімізді таныстырдық, сосын әлеу­меттік жобамызды, кейін портфолио­мызды қорғадық. Елордаға алғаш баруым. Өте әдемі шаһар екен. Астана қаласын үш сағат жаяу аралағанымда шаршағанымды сезбедім. Түрлі мәдени орындарда бол­дық. «Қазмедиа» орталығында болып, Қа­зақстан телеарнасының «Түнгі студияда Нұр­лан Қоянбаев» бағдарламасының түсірі­ліміне де қатыстық. Елімізге танымал тұлғаларды көріп, әңгімелерін тыңдадық. Көптеген достар таптым. Маған демеу болған, көмектескен университетіме, сту­дент­терге, анама, достарыма, «Авангард» және «Эверест» студияларына алғыс айтамын, – дейді үлкен әсерімен бөліскен же­ңім­паз Мейрамгүл Ғалиева. Мей­рамгүл­дің жобасы коксартроз ауруымен ауыратын ұл-қыздарға ортопедиялық аяқ- киімдердің жаңа дизайнын жасауға арналған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста