Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында белгісіз азаматпен қол ұстасып түскен суретін жариялап, көпшілікті ойландырып тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мына жігіт кім екен?" деп коямын. Тапқан адамға осы жігіттен сыйлық бар", - деп жазды актриса.
Ал желі қолданушылары актрисаның жанындағы ер адамның кім екенін білуге тырысып, түрлі пікір жазған.
"Болашақ жарыңыз", "Нұрлан мен Мұраттағы" Нұрлан ғой", "Сіздің болашақ жарыңыз", "Жүрегіңізге ең жақын адамыңыз шығар", "Баласы емес. Үлкендеу адам".
"Айгүл ханым, бұл кісін тек сіз танисыз", "Кім болса да, сізді бақытты қылса болды", "Жігітіңіз бе?", "Жаныңызға жақын адам", "Қол ұстасқандарыңызға қарағанда сүйіктіңіз-ау".
"Мынадай қылып қызы мен жігіті немесе әйелі мен күйеуі жүреді. Бұл жолы досым деуге келмейді", "Сіздің жасыңызда мынадай қылып жүру.... Өзіңізге ғана аян" деп өз ойын білдірді желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, әнші өткен жылдан бері тұрмысқа шығатыны жайлы әр сұхбатында айтып келеді.