Айқынның продюсері Ерік Тастембеков әнші мен Жұлдыз Өмірғали туралы бар шындықты жайып салды. Ол алғаш рет бұл жаңалықты Баянның аузынан естігенде қатты таңғалғанын жасырмады деп хабарлайды "Гәкку ТВ" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ол өзі продюсерлік ететін әншілерді шығармашылық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ тұлғалық тәрбие беруге де ұмтылатынын айтты.
"Мен оларға дәріс оқымаймын. Олар менің жүріс-тұрысыма қарап бой түзейді. Мен оларға айтқан сөзіңде тұру, жауап беру керек екенін үнемі айтып отырамын. Мәселен, бір кездері бізді бір шараға қатысуға шақырып, 1000 доллар ұсынды. Аз уақыттан соң дәл сондай бір шараға 4000 доллар береміз деген ұсыныстар шықты. Алайда оларға жауапкершілік, келісім маңызды екенін айтып, біз бастапқы шақырға жерге бардық. Ақшасы аз болса да, сөзімізде тұру үшін", - деді ол.
Алайда оның айтуынша, ол Айқынға оның жеке міріне қатысты ешқандай ақыл айта алмайды.
"Мен бұл жаңалықты алғаш рет Баянның аузынан естідім. Мен оған сол күні хабарласып едім, ол трубканы алмады. Баян маған "Сенің ұлдарың менің жобамның күл-талқанын шығарғаны үшін саған рахмет", - деді. "Неге, не болды?" деп сұрадым. Дәуреннің жағдайы түсінікті, бірақ маған Айқын туралы айтты. Мен түсінбей, Айқынға звондай бастадым...
Мен олардың ісін таразылай алмаймын, мен оларды өмір сүруге үйрете алмаймын, себебі бұл - олардың сезімі, олардың өмірі. Мынау жақсы, мынау жаман деп айта алмаймын, яғни одан еш нәтиже шықпайды. Олар мұны өздері түсініп, өздері бұл жолды жүріп өтуі керек. Біреу үшін бұл дұрыс, біреу үшін дұрыс емес.
Біз ол туралы сөйлестік. Бастысы Айқын материалды тұрғыдан барлығының жағдайын жасап отыр", - деді ол.