Қазақ бойжеткендер балағат сөздерге толы клипін ел назарына ұсынамыз деп сынның астына қалды.
“Өскелең ұрпақ, қазақтар… Ұлтты масқара етушілер! Ата-аналары қайда қарап жүр?” , – деп пікір қалдырған видеомен бөлісушілердің бірі.
Видеода жаман әдеттерді абырой санайтын арулар ішімдік ішіп, балағат сөздер айтқанымен мақтанып тұрғандай әсер қалдырады.
YouTube желісінде “Ұлы қазақ қыздарының күнделігі” атты жеке арнасын жақында ашқан нәзік жандылар ел назарына ерекше ілігіп үлгерді.
Тағы бір видеосын жекелеп “бәлішке” арнаған бойжеткендер бұл клипімен көрермендеріне не жеткізгісі келгені түсініксіз.