Отандық театр майталманы Бауыржан Ибрагимов әзіл әлеміндегі інісі Тұрсынбек Қабатовқа қатысты ойын ашық айтты. Өнер иесі халықтың сүйіктісіне айналған әзілкештің қалжындарын қабылдай алмайтынын, оны актер деп санамайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.
Ибрагимов өнер саласында бүгінде аты дүркіреп тұрған Қабатовқа кәсіби тұрғыда бағасын берді.
Сонымен қатар "Бауыржан шоудың" негізін қалаған әртіс өзі мойындайтын актерларды атады.
"Қабатовты көрдім. Оны кілең шыққанынан бастап, өзінің мысығын айту. Мен өзім ондай әзілді түсінбеймін, қабылдай алмаймын. Білмеймін енді, менікі емес. Мен оны конферансье ретінде қабылдаймын. Оны мен актер ретінде қабылдай алмаймын.
Маған ренжісе ренжитін шығар. Бірақ, мен кәсіби маман ретінде шындықты айтып отырмын. Ол актер емес. Оған КВН стилі, конферансье, тамада стилі келеді. Ол өзінің деңгейі. Бірақ, актер емес. Мен өзім қабылдайтын актерлерімді айттым. Ол Әбунасыр Серіков пен Тука. Олар мен мойындайтын, бойында таланты бар жақсы актерлар" , - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың Иманғали Тасмағамбетовты туған күнімен ерекше құттықтағанын жазған болатынбыз.