Құрметті оқырман ел аузындағы бата-тілектерді жинасытырып назарларыңызға ұсына бастадық. Бұл игі іске алып-қосар ойыңыз немесе өз жаныңыздан шығарған, ел аузынан, қадірлі қариялардан естіген баталарыңыз болса alashainasy.kz сайтына пікір жазып немесе мына почтаға (alashbata@mail.ru) хат жолдаңыз!
Қошқарұлы Жәнібекке Қаракерей Соқыр Абыздың берген батасы
Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде Қаракерей Соқыр Абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті:
Белбеуің белдеуіңде байлаулы болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.
Есігің ашық болсын, Қабағың жазық болсын.
Сонда ағайының кетпес қасыңнан.
Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,
Сонда қаумалаған халық кетпес қасыңнан.
Қарасай батырдың батасы
– Жақсы қыз-жағадағы құндыз, жақсы ұл – көктегі жұлдыз. Жақсылап ұғып алыңдар. Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы, көпке салса – дұрысы, көнбесе болар ұрысы. Алдымен еліңнің, жеріңнің қамын ойлаңдар, сөзіме терең бойлаңдар. Елемеген ауру жаман, ескермеген жау жаман, еліріп кеткен дау жаман. Қара қылды қақ жаратын, елінің ығын табатын, көпті ұйытатын әділ биді қастарыңа алыңдар!
Биік төбеге шықсаң – көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң – көңілің ашылады.
Ақылды бимен болсаң – дауың басылады,
Хас батырмен бірге жүрсең – жауыңды қашырады.
Құтты адаммен қоңсы қонсаң – аруағыңды асырады.
Арың жақсы болса – сөзің елде тұрады.
Балаң жақсы болса – елінің асыл шырағы.
Қызың жақсы болса – өрісті болар тұрағы.
Жақсы жан ешкімді жатыр-қамайды.
Жан жолдасың ешуақытта алдамайды.
Әңгүдік жаман ғана сөзіңді тыңдамайды.
Арғымақ аттың баласы аз оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Жала сөз тірідей қаралайды,
Жақсы сөз дем берер,
Күш-қуат, ән берер.
Болат қайнауда шынығады, ер ат үстінде көп жүріп,
Ел үшін аз тынығады.
Бұл айтқанымның көбісі –
бұрынғы өткен атам қазақтан қалған асыл сөз. Сендерге осы өсиетім жолбасшы болсын! Батам қабыл болсын! Жортқанда жолдарың болсын!
Әумин!
Сұлтан Сартаевтың батасы
Бұлақты көрсең көзін аш,
Мөлдіреп суы ағатын.
Талаптыны көрсең жолын аш,
Елге тірек болатын.
Қисайып жатса жас терек,
Сүйеп оны қоярсың,
Кездессе егер жас зерек,
Ақылшысы боларсың.
Қанаты сынса сұңқардың,
Қорегін тауып берерсің.
Еңсесі түссе жігіттің,
Көтеріп оны қоярсың.
Қанаттыға аспан кең,
Жолын тапса ұшатын.
Ойлап тұрсаң дүние кең,
Бар адамзат сыятын!
Кемеңгердің алғыр ойын берсін
Би-исми-л-лаһи-р-раһмани-р-рахим
Жас жұбайларға бата
Бірінші – ұзақ жасты өмірлі бол
Әуелі, құдай оңдай көр
Жарылқа, тәңірім, қабыл ет.
Ұлыс күні қазан толcа
Қарық қып құтты Наурыз
Құрдасыңа – қуаныш бол
Уа, жаратқан, жарылқа
Құдайдың өзі сөйтіп оңдасын
Бата жинағының сілтемесіне басыңыз
Әумин десең маған
Жас баланың күлкісін бер
Жаңбырсыз жаздан сақта
Анаға бата