Әнші Ерке Есмахан Астанаға көшкелі жатқанын растады. Алдында Ерке Есмаханды бір шенеунік Алматыдан Астанаға көшіріп алғалы жатыр екен деген сыбыс шыққан.
Еркемен әңгімелескен блогер Эльвира Ерғалина желідегі парақшасында сұхбаттың видеосын жариялады.
— Бұйыртса, Жаңа жылдан кейін Астанаға көшетін болатынмын. Өйткені Астана менің туған жерім — Ақтөбеге жақын. Жалпы, ұлымды қолыма алып алсам деймін… Ал бір шенеунік Еркені Алматыдан Астанаға көшіріп алғалы жатыр деген сөз өтірік. Олай болса, тіпті жақсы болар еді. Ондайда көп қиналмас едім… Жалпы, Астанаға келіп, сүйгенімді кездестіріп, күйеуге шықсам деген ойым бар негізі. Міндетті түрде шенеунік болудың қажеті жоқ. Жалпы, басы бос, өзі дөкей біреу болса, мен қарсы емеспін, — дейді блогердің сұрақтарына берген жауабында Ерке Есмахан.
— Алматыдан кетсең, демек Баяннан да кетесің ғой?..
— Оны дөп басып, қазір айта алмаймын. Көптеген жоспарларым бар. 2017 жылдан көптеген өзгерістер мен жаңалықтар күтемін. Өз қолыммен өзгеріс жасасам ба деймін, — дейді бұл сауалға жауабында әнші.
kaz.365info.kz