«Бақыттың кілті – байлықта»

Соңғы уақытта бәрін қаржыға апарып тіреу әдетке айналды. Түсірілген кино нашар болып шықса да, театрдың қойылымы сәтсіз болса да – айналып келгенде, «қаржының тапшылығы себепкер». Ақын-жазушылар: «қаламақыны дұрыс төлегенде керемет шығармалар туғызар едік» десе, композиторлар мен қылқалам шеберлері: «еңбегің лайықты бағаланбай жатқанда қалай шабытың келеді?» деп шалқаяды...

Бір қызығы, адамның ақыл-ой дәре­жесінің белгілі бір мөлшерде ақшаға тәуел­ді болатыны қазір жиі айтыла бас­тады. Әлемдік ақпарат көздерінің де­ре­­гіне жүгінсек, Америкадағы Корнель уни­­верситетінің Гари Эванс және Ми­шель Шамбарг атты ғалымдары осындай қо­ры­тындыға келіпті. Яғни олар адам ақыл-ойының жанұялық табысқа тәуел­ді бо­латындығын анықтап, «кедей отба­сы­лар­дың балалары ақымақтау болып келеді» деген ұйғарымға тоқтапты. Әрине, мұндай тұжырымның құлаққа түрпідей тиіп, кім-кімді болсын аздап шамдандыратыны да рас. Бірақ ғалымдардың зерттеуі тура сол кедейлік пен биологияның арасындағы байланысты анықтауға бағытталған екен. Бұл ретте белгілі болғаны – адамның миында шартты түрде «жұмыс жады» деп аталатын құрылым бар. Онда адам­ның алдағы уақыттағы іс-әрекетіне неме­се әлдебір шешімдеріне қатысты дерек­тер сақталады. Жарлы адамдардың осы­нау «жұмыс жады» тек бір ғана, яғни «қалай өмір сүру керек?», «қалай ақша табуға болады?» деген мәселемен ғана әуре. Ал мұндай сұрақтар дәулетті адам­дар­дың басын қатырмайды. Ой-қиял­ға ерік беріп, арманның жетегіне алаң­сыз еруге, сөйтіп, тамаша дүниелер туғы­зу­ға, қайырымдылық шараларымен айна­лы­суға мүмкіндігі мол. Демек, келіссек те, ке­ліспесек те байлықтың бақытқа негіз болатындай жөні бар.
Енді ғылымды былай қоя тұрып, қарапайым қазақы түсінікке салып кө­рейік. Үйіндегі бала-шағасы аш отырған адам­ның соларға азық тауып беруден ар­тық мақсаты болуы мүмкін бе? Жарлы адам­ның күнделікті күнкөріс қамын бы­лай жиып қойып, ұлт мұраты тұрғысында­ғы ұлы ойларға берілуі ақылға сия ма? Біздің өнердегі, әдебиеттегі аға ұрпақ: «Өзіміз кезінде үйсіз, күйсіз, көшеде жү­ріп-ақ үлкен өнер туғызғанбыз. Бұлар кел­мей жатып кергиді. Еңбегі сіңбей жатып, бай­лыққа басымен кіріп кеткісі бар» деп, кейінгі жастарға бекер ренжиді. Талай жыл бұрынғы тарихтың бүгін де айна-қа­тесіз қайталануы шарт емес. Егер жастар талап етсе, онысы – лайықты өмір сүруге тал­пынғандық. Тек сол талап-тілектің мін­детсінуге, өнерін бұлдауға ұласып кет­пегені абзал.
Тағы бір мәселе – дарынсыз дү­ние­лердің бәрін қаржы тапшылығымен ақ­тап алуға тырыса беруге де болмайды. Ор­таң­қол талантты қанша жерден алтын­мен аптап, күміспен күптеп қойсаң да ол­қы­лы­ғы бәрібір көрініп тұрады...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста