«Балапанның» әлі талай базарлығы бар

Үйіміздің төріндегі көгілдір жәшікті жаулап алған шетелдің ұсқынсыз кейіпкерлерінен тұратын «Никелодион», «Тиджи» сынды жат жұрттың таңсығына телміріп келген қазақ балаларының назарын бір сәтке аулау қиын болғаны күні кеше. Осыдан арылту үшін қазақ телевизиясындағы қатып қалған сеңді  бұзып-жарған, балаларға арналған тұңғыш арна – «Балапан» жалғанның жалпағына шықты. Болмысы, таным-түсінігі қазақи. Тілі де – қазақша. Қас-қағым аралықта алуан түрлі базарлығымен кішкентай жүректерді жаулап үлгерген «Балапанның» жасы биыл екіге толып отыр.
«Балапанды» көретін қазіргі қазақ ба­ла­лары бақытты. Олай демеске лажы­ңыз жоқ. Жетпіс жыл бойы бодан болып келген тұста қазақтың қара домалақтары орыстың ертегісін тыңдап, мультфильмін көріп өсті. Солардың тіліндегі киноларға қарап, бой түзеді. Одан кейінгі аралықта отандық бағ­дарламалар, арналар қалыптасқанша, жұртшылық теледидардан не көрмеді де­сеңізші... Шіренген Шрек, ұсқынсыз Спанч Боб, теңдессіз «Өрмекші адам» сынды то­лып жатқан қазақи дүние-танымға жат, мән-­мағынасыз, жағымсыз образдарды көрген жас бүлдіршіндердің санасы ула­нып, ұлттық бояудан ада болып өсті. Со­ны­мен, не керек, сүйкімсіз «Шрекке» елік­теді, «Спанч Боб» ойынын ойнады, со­ңын­да «Никелодионше» сөйлей бастаған...
Осы арада «Балапанның» дүниеге жол тартуы ойсыраған олқылықтың орнын аз да болса толтырғандай. Қазақ балдырған­дарының ұлттық тұрғыдан дүниетанымын дамытып, туған тілде тіл ұстартуына сеп­те­сіп келеді. Айналдырған екі жылдың іш­інде елдегі ең жас арна бүлдіршіндердің ай­нымас серігіне айналды. Балалардың зерде-зейінін ашатын, ұлттық тәлім бере­тін отандық бағдарламаларды, төл туын­дыларды дүниеге әкелді.
Ауыз толтырып айтатын жетістіктің бірі  – кенжелеп қалған отандық анимацияның дамуына жаңа серпін енді. Жүз сериялы «Ғажайыпстанға саяхат», 13 бөлімнен тұ­ратын «Балдырған» танымдық мультхи­каясы – «Балапанның» төл туындылары. Бұ­ған қоса, «Санжар мен Қайсар», «Зер­де», «Бала тілі – бал», «Санамақ», «Жүзден жүйрік», «Дәрумен», «Он саусақ», «Жолың болсын, балақай», «Ай-жұлдыз», «Күле­кеш» хабарлары да кішкентай көрермен­дердің көзайымына айналды.
Енді 17 сағат бойы сандық жүйеде ха­бар тарататын «Балапан» балаларға жаңа ба­зарлық әзірлеуде. Қазірде әлемнің ең үз­дік компаниялары – «Уолт Диснеймен», «Со­ни Пикчерспен» келісімшарт жасасуда. Ал­дағы маусымда аталған компания­лар­дың үздік шығармаларын ұсынатын бола­ды.
Нұржан МҰХАМЕДЖАНОВА, «Қазақстан» РТРК басқарма төрайымы:
– Екі жыл бұрын Елбасымыз Н.Назар­баевтың қолдауымен ашылған телерна екі жасқа толды. Бұл – еліміздегі бала­ларға арналған мемлекеттік тілде хабар тарататын жалғыз отандық телеарна. Ал биылғы маусымның тың жаңалығы – те­ле­арна «Қазмедиа» орталығына қоныс аударып, сандық жүйеде хабар тарата бастады. Жалпы, екі жылдың көлемінде «Балапан» арнасы 30-дан астам жаңа бағ­дарламаның тұсауын кесті. Сонымен қатар «Балапан» бүлдіршіндердің наза­рына «Қайсар мен Санжар» деп ата­ла­тын тұңғыш анимациялық сериалды ұсын­ды. 12 бөлімнен тұратын төл туын­ды көптің көңілінен шықты. Осыған ор­ай, Көркем­дік кеңестің шешімімен 20 се­рияға дейін ұзартуды жоспарлап отыр­мыз.

Ләйлә СҰЛТАНҚЫЗЫ, «Балапан» телеарнасының директоры:
– Үш жастан бастап он екі жас аралы­ғындағы балалар аудиториясын қамти­тын телеарнаның арқалаған жүгі жеңіл емес. Қазіргі кезде бала тәрбиесінің идео­логиясын, дәлірек айтқанда, қазақ баласының тәрбиесі қандай болуы ке­рек, осы бағытта іздену, зерттеу жұмыс­та­рын басты назарға алып отырмыз. Бұған қоса, «Балапан» арнасын көргісі келетін алыс ауылдардағы, елді мекен­дер­дегі кішкентай көрермендермен қауышу мақсатында кезеңді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақын арада шалғай­дағы кішкентай көрермендеріміз сандық жүйедегі «Балапанның» жаңа маусымын тамашалайтын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста