Байтұрсынов оқулары

Қазақтың бес арысының бірегейі, көрнекті ғалым, публицист аудармашы, ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына  140 жыл толуына орай Семейдегі «Достық» үйінде техникалық мамандықтарда оқитын колледж студенттері арасында арнайы сайыс өтті. А.Байтұрсыновтың оқулары негізінде ұйымдастырылған шарада қазақ руханиятының көсеміне айналған шығармаларынан көріністер қойылып, өлеңдері оқылды, тіпті Ахмет Байтұрсыновтың түрмеде отырғанда анасына хат жазып отырған сәттері де сомдалды.
Қаламыздағы Шәкәрім атындағы СМУ колледжі, Бизнес, құрылыс, көпсалалы, электротехника, индустрия-технология колледждері секілді техникалық бағытта білім беретін 11 колледждің студенттері арасында өткізілген сайысқа 22 үміткер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
«Ахмет шығармалары ұрпақ аузында» және «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты екі бөлімнен тұратын сайыста Балауса Болатқызы (бизнес колледжі), Тұрар Тұрсынов, Жұл­дыз Наурызбаева (құрылыс колледжі) Нұрбек Мұратханұлы (гео­дезия және картография колледжі) сияқты сахна мәдениетін игерген жастар Ахмет Байтұрсыновтың қазақ жұртының жігерін жаныған, ұлттық болмысын айшықтаған өлең-жырларын жатқа оқып көзге түссе, индустрия-техно­логия колледжінің студенті Айдана Закарьянова көрермен ықы­ласына бөленді. Сонымен бірге ақын шығармаларын жат­қа оқыған Кирилл Скрягин нағыз патриот екенін дәлелдеп берді.
«Достық үйінің» директоры Ш.Балгозина төрелік еткен қазы­лар алқасының бағалауымен бірінші аталым бо­йынша І орынды Геодезия және картография колледжінің сту­денті Б.Ожарбеков, ІІ орынды құрылыс колледжінен Т.Тұр­сынов, Индустрия-технология колледжінен А. Мағауянов ие­ленсе, екінші аталым бойынша І орынды Шәкәрім атындағы СМУ колледжінің студенті Е.Айтмұхаметов, ІІ орынды құрылыс колледжінің студенті А.Тұрабаева, ІІІ орынды Ж.Нарханова иеленді. Сонымен қатар ерекше көзге түскен студенттерге мадақтама қағаздары, барлығына алғысхаттар, бағалы сый­лықтар табысталды. Студенттерді дайындаған жетекшілері де тыс қалмай, алғысхаттармен, гүл шоқтарымен марапат­тал­ды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста