Баянауылда батырға белгітас қойылды

Баянауылда батырға белгітас қойылды

Ел басына күн туғанда атқа мініп елін, жерін қорғап, небәрі 28 жасында жау оғынан жазатайым қаза тапқан айтулы батырлардың бірі – Жасыбай. Бәсентиін Жасыбай батыр туралы деректер аз емес. Міне, сол есімі елге әйгілі Жасыбай батыр Баянауыл кенті мен Жасыбай көлі аралығындағы бір асуда, қалың тоғай арасында жерленген екен. Кезінде қабірінің үстіне тас үйіп, қорым жасаған сыңайлы.

...Айнала қалың ағаш, жау жағы түтін түтеткен соң, демалып жатқан шығар деп ба­тыр да жайланып, сауытын шешкен болса керек. Осы сәтті пайдаланған қалмақ мергені қапы кетпеген. Мәшһүр-Жүсіп жазбасы осыған меңзейді. 31 қазан күні көп жылдан бері елеусіз жатқан Жасыбай батырдың басына көзге көрінетін тас белгі орнатылды. Мұны ел азаматтары Асхат Еші­мов, Жанарбек Теміржанов, Қайролла Каженов, Абақай Сұңқарбеков және т.б. бас болып, іске асырды. Биіктігі 3 метрге, жалпақтығы 1.5 метрге жуық тасқа «Өмір­ұлы Жасыбай батыр. 1724-1752 ж.ж. Батыр бабамызға бас иіп, тағзым етейік» деген сөздер қашап жазылған.
Жиналған жамағат әуелі Жасыбай ба­тыр­ға дұға оқыды. Осыдан соң Ақтоғайдан келген Қайыржан ақсақал мен баянауылдық Сағадат Ысқақов тас тұғырдың сыртқы жамылғысын ашу рәсімін жасады. Айтыс ақыны Таңат Ахатов жырдан шашу шашты. Батыр бабаларын ұлықтауды өзіне мәртебе көретін азаматтардың бірі Жанарбек Талды­қорған жақта қаза тапқан Малайсары тарханның басына да белгі орнатқанын айтып, бабалар ерлігі ұмытылмайтынын, оны келешек ұрпаққа жария ету, насихаттау, дәріптеу аға буынның міндеті екенін тілге тиек етті.
– Батыр бабамыздың қаны тамған, жерленген осы бір асуға келешекте ат үстін­де тұрған Жасыбай батырдың ескерткіш кешенін, кесенесін тұрғызып, барша жұрт, қоғам болып, жол салып, халық айналып соғып тұратын жайлы жер қылсақ деген ойымыз бар. Бұл туыстары үшін емес, келе­шек  ұрпақ тәрбиесі үшін қажет. Батырлық­қа, елдікке, ерлікке тәрбиелеу осы жерден басталуы керек, – дейді «Жасыбай» қоғам­дық қорының жетекшісі Асхат Ешімов.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста