Баян Алагөзованың кеңсесін тонап кетті. Бұл туралы танымал қазақстандық продюсер Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
Баян Алагөзованың айтуынша, оқиға 11 қаңтарда болған. "Кеше түнде менің компаниямның кеңсесіне адамдар кіргені анықталды. Олар ешқандай аппаратураға, компьютерге және костюмдерге тиіспеген, тек құжаттарды алып кеткен. Мен уайымдап отырғаным жоқ, себебі ол құжаттарды алған адамдар оның ішінен ештеңеде таппайтыны анық. Сіздер уақыттарыңызды зая кетіріп, мықты деген аудиторларды шақырып, ьосқа қаражат төлейсіздер. Мен адал қызмет етемін", - деп жазды ол. Баян Алагөзова қылмыскерлерді табу үшін барлық күшін салатынын мәлімдеді. "Бұған кім тапсырыс бергені де ертелі ме кеш пе анықталады. Бірақ мен күдіктенетін болжамдар да бар", - дп қосты ол.
kaz.tengrinews.kz