Жылдар бойы Баян Алагөзова өзінің киіну стилімен талайларды таңғалдырып келеді. 46 жасар продюсер сырт келбетіне қатысты тәжірибелер жасап, батыл образдар жасауда. Бірақ бұған қатысты ешкімнің алдында есеп беруге міндетті емеспін дейді.
Алайда Алагөзованың мыңдаған оқырмандары оның крест формасындағы алқа таққаны үшін сынап, түрлі пікір білдіруде. Ақыр аяғында Баян ханым бұған қатысты түсініктеме берді.
Байқағанымыздай, бұл әшекейді Баян өте жақсы көреді. Ол алқасын шетелде те тастамай тағып жүреді. Сынға алған оқырмандарына жауап ретінде продюсер крест белгісі бар сақинасының суретін жариялап, өз ойын білдірді.
«Көбіңіз менен неге крест тағасыз деп сұрайсыздар. Бұл 200 жыл бұрын жасалған сақинаның дәлме-дәл көшірмесі. Назар аударсаңыздар, барлық қазақ әшекейінде төрт жағы тең крест белгісі бар екенін көресіздер. Қаласаңыздар да, қаламасаңыздар да мен қазақпын. Бірақ мені сіздердің басқа дінді қабылдамай, құрмет танытпайтындарыңыз қорқытады
Адамдардың сенімін жақсы немесе жаман деп бөлуді қайдан шығардыңыздар? Құдай біреу ғана, оған табыну жолдары ғана әртүрлі… » — деп жазды Алагөзова.