Әнші Бағлан Әбдірайымовтың қызы "Қазақстан дауысы.Балалар" жобасына қатысып, алғашқы кезеңде сүрініп кетті. 10 жасар Айқаракөздің өнерін бірде-бір тәлімгер бағаламады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айқаракөз Рашид жобаның көрмей тыңдау кезеңінде "Жігіттер" квартетінің репертуарындағы "Арман-ай" әнін орындады. Ән айту кезінде қобалжыған жеткіншектің даусы дірілдеп кетті. Әділ-қазылардың кері бұрылмағанына да осы себеп болса керек.
Қызды жобаға анасы қолдап келді. Ал тәлімгерлер Айқаракөздің әкесі кім екенін білгенде таңырқап қалды. Бағлан Әбдірайымов болса қызы үшін жүрегі ауырғанын айтып, одан кешірім сұрады.
"Жылама қызым! Осы бір сәт жүрегімді елжіретіп жіберді. Жеңілген соң намыстан жылаған қызыма сүйсініп қалдым. Сөйлеу мәнері мен әдептілігі тәнті етті. Анасының еңбегі!
Шынымды айтсам, Айқаракөздің өнеріне аса мән бермеппін.
Мұңайма, қызым. Сенің жылағаныңа апаңнан бастап, апайыңа дейін көз жастарына ерік беріпті. Әлі талай қуантатын боласың. Жетістікке жету үшін осылай шыңдалған дұрыс деп есептеймін. Әділ-қазыларға ескертіп айтпағыным үшін, ренжіме. Әкесінің арқасы дегеннен аулақ болған дұрыс. Ақылың бар, түсінесің деп ойлаймын! Жолың ақ болсын!" - деп тілек білдірді ол.
<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/3VVx9zqPRv8" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>