Халыққа бизнестің жолын көрсетіп жүрген белгілі кәсіпкер Нұрсила Ахметбектің желідегі жұлдыздарға өкпесі қара қазандай көрінеді. Себебі ол, "Ашық алаң" бағдарламасында "халықты топастандырып жатыр" деп әртістерге "сөзбен қара күйе жақты", деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жұлдыз» деген сөзді қайдан тауып алғандарын білмеймін, мен «шегіртке» деп атаймын оларды. Миллиондап оқырман жинап алған шетінен «шегірткелер». Дамыған елдерде мұғалім, дәрігерлер, ғалымдар және кәсіпкерлер жұлдыз болуға тиіс. Біздікілердің халықты топастандырғаннан басқа еш пайдасы жоқ. Сол себепті мен «инстаграммның» атын «топастанграмм» деп қойдым қазір.
Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, 2013 жылдан бастап бүкіл адамзат топастанып бара жатыр. Соған ең бірінші кесел - гаджет. Өйткені, адамның естіген нәрсені ұғатын миы бар, көрген нәрсені ойланатын миы бар. Сол адам кемінде 20-25 минут ойланып отырмаса, мына ойланатын миы дамымай қалады екен. Ал біз 10-15 минут сайын анау не салды екен, мынау не салды екен деп қараймыз. WhatsApp, әсіресе, Instagram ол "топастанграмм" және де екінші топастанатыны арзан контентті алған адамның ойланатын миы дамымай қалады (эстрада тыңдайтындар). Бізде Құрманғазыны, Тәттімбетті, болмаса Еркін Шүкіман секілді... Абайдың, Біржан салдың әндерін тыңдамайды. Екі нотадан тұратындарды ғана тыңдайды. Бұл қасірет ұрпағымызды топастандырып жатыр. Және де арзан бірдеңе, ананы ұтып алсам деген жеңіл... қалай маңдай терімді төкпей, қимылдамай ақша тапсам деген ой", - деп лоторея ойындарына қатысушыларды сынады.
Ал әлгі желіде лоторея ұйымдастырып жатқандардың барлығын жаппай "Ары жоқ" деп бір-ақ қойып қалды.
"Жаңа термин ойлап тапқан" бизнесменнің бұл сөзіне шоу-бизнес өкілдерінің қандай реакция білдіргені әзірге белгісіз.
«Ірітіп-шірітіп өлтіре гөр!»: Ахметбек Нұрсила адамдарға теріс бата берді
«Ақшасы тамағына, киіміне, баспанасына жетпеген адам – хайуан деңгейінде» - Ахметбек Нұрсила (ВИДЕО)
Естеріңізге сала кетейік, ол бұған дейін үйі жоқ халық туралы біраз сыни пікір айтамын деп, көпшіліктің сынына ұшырағаны әлі күнге дейін ел аузында жүр.
ВИДЕО: www.youtube.com/watch