Жаңа бейнебаяндарына атышулы блогер Айжан Байзақованы түсірген "Alem Band" тобы көпшіліктің сынына қалды. Елді дүрліктірген актрисаға ғашық жігіттің рөлін сомдайтын жас әншілердің клиптегі образын тыңдарман қауым ұнатпаған деп хабарлайды NUR.KZ.
"Арзан клип, атақтарын шығару үшін Байзақованы пайдаланған, "Мынадан кейін "Гәкку" арнасын балаларыма қалай қосып беремін?! Қараудың өзі ұят!", "Өздеріңмен жасты қыз тапсаңдар болмады ма? Байзақова әпкелерің немесе апаларың сияқты", "Мынау кешегі "Айгөлектегі" бала ғой, енді тәтесіндей адаммен мынандай би билеп жүргені несі?!",-деп жазды желі қолданушылары.