Отандық танымал тележүргізуші Аша Матай мінсіз мүсінін ел назарына ұсынып, желі қолданушыларын қатты таңғалдырды. Әдетте, барынша кеңдеу әрі жабықтау киінетін шоу-бизнес жұлдызы бұл жолы денесіне жабысып тұратын образды таңдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 
Аша Матайдың Instagram желісінде жариялаған соңғы суреттері бірден оқырмандарының арасында қызу талқыға түсті.
 
Бар дене сымбатын паш еткен тележүргізушіге қатысты сансыз адам пікір қалдырып, оның ерекше образын сөз етті.
 
Қыз-келіншектер арасында оның дене бітіміне тәнті болғандар да, керісінше киім үлгісін ерсі санағандар да бар екен.
 
Бір топ бойжеткен Ашаны өзіне үлгі көретінін жазса, енді бірі мүлдем көңілі қалғанын айтқан.
 
Ал ерлер қауымы ақпарат өкілінің жаңа фотоларына тамсана қарап, оның талдырмаш мүсініне ғашық болған. Ер адамдар бірінен соң бірі екі баланың анасына ашық түрде өз сезімін білдіріп, оны босанғаннан кейін формасына тез келгені үшін мақтай түсті.
 
"Недеген қыпша бел. Америкалық Дженнифер Лопес қасында да тұрмайды" , "Аша ханым екі бала тусаңыз да, фигураңыз ат екен" , "Ыстық қыз" , "Ғашық еттіңіз ғой" , "Мінсіз ғой мүсіні", "Екі баласы бар деп айтуға келмейді. Жас қыздай өзі" , "Сіздің осыған дейін мұндай киіммен көрмедім. Әрдайым барынша жабықтау образда болатын едіңіз. Үйрене алмай жатырмын мына кейпіңізге" , "Сіз де ашық әрі жабысқан киетін болыпсыз. Көңілім қалды" , - деп жазуда көпшілік.