Астана циркі баспасөз орталығын ашты

Кеше Астана циркінде Балтабек Жұ­мағұлов атындағы баспасөз орта­лығының салтанатты ашылуы болды. Мұндағы мақсат – бізде кен­­желеп қал­­ған цирк өнерінің насихатын кү­шейту. Қазақ циркін әлемдік деңгейге паш етуде Б.Жұма­ғұлов қосқан үлес аз емес. Еліміздегі тұңғыш кәсіби сиқыр­шы­лардың бірі саналатын оның орта­мыздан кеткеніне де біраз уақыт өтті. Қайталанбас дарын иесінің қазақ цирк өнерінде қалдырған ерекше қолтаң­басы – елорда циркі екені даусыз.
Сондықтан да болар, цирк көрермен­дері марқұм Балтабекті Астана циркінің негізін қалаушысы санайды. Елордада сай келетін ғимараттың болмауына байла­нысты көпке дейін өз циркі болмады. Тек 2001 жылы жаңа ғимарат бой көтере бас­тады. Сәл кейінірек Елбасымыздың жар­лығымен «Астаналық цирк» атты жаңа өнер ұжымы шаңырақ көтерген еді. Оның алғашқы басшысы Балтабек Жұмағұлов аз ғана уақыт ішінде цирк ғимаратының құрылысынан бастап, жаңа өнер ұжымын жасақтап, сан-алуан аң-құстар мен жа­нуар­ларды жинау т.б. қыруар жұмыстарды атқарды. Майталман өнер иесі өмірінің соңғы жылдарында Астана циркін толығы­мен ұйымдастырып, өнер ұжымының ая­ғы­нан нық тұруына бар ынта-жігерін ар­нады. Цирктегі жастардың өнерін жетілдіру мақсатында оларды Қытайда, Ресейде оқы­туға күш салды. Бүгіндері бұл өнер ұжы­мында 320 адам қызмет атқарады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста