«Асланның сабақтары» – тіршілік жайлы тың толғаныс

Еліміздің кинотеатрла­ры­нан жас кинорежиссер Эмир Бай­­­ға­зиннің «Асланның са­­­­бақ­тары» («Уроки гармо­нии») картинасы көр­­­сеті­ле бастады. Берлиннің 63-ші ха­­лық­аралық ки­но­фес­ти­ва­лінің жүлдегері, бас­қа да он­­да­ған фес­ти­валь­дің сый­лы­ғын алған отандық фильм – ре­жиссердің ал­ғаш­қы то­лықметражды туын­дысы. Өз ортасының оз­быр­лы­ғын адал­дық қа­ғидаларымен шеш­­пек бол­ған жасөспірімнің пси­­­хологиясы жайлы картина әлем­­дік киноға көркемдік-фи­­­лософиялық жағынан тың із­­­деністер әкелген. Батыс ки­­­носыншылары осындай ба­­ға беріп отыр.
13 жастағы Аслан – ананкаст, белгілі бір ойларынан айналшықтап шыға алмай­тын психологиялық ауытқуға ұшыраған. Әже­сінің қолында тұйық өскен бала за­ман­дастары сияқты бейқам ержетер ме еді, бірақ мектеп қабырғасынан баста­ла­тын қылмыс әлемі, күштілердің әлсіз­дер­ге қысымы оның өмірінің сұрқын кетір­ген­дей болады, бала қарама-қайшылықтар арасынан өзінше жол табуға тырысады. Асланның бұдан арғы әрекеті – ре­жис­сер­лік тың шешім. Психологиялық драма ой­ландыратын детальдардан, әдемі кө­рі­ніс­тер­ден, ерекше бояулардан тұрады. Ре­жиссердің айтуынша, операторлық жұ­мыс­қа, әуендерге көп мән берілген. Кө­ріністер автордың ойымен символдық түр­де үйлеседі. Мысалы, мектептегі са­бақтар адам мен қоршаған ортаның қа­рама-қайшылығын меңзейді. Айталық, Ас­лан әдебиет пәнінде махаббат, лирика, гу­манизм жайлы білсе, биология са­ба­ғында Дарвиннің табиғи іріктелу тео­рия­сы­мен танысады, алғашқы әскери дай­ын­дық пәнінде ұрыс қаруының қуаты, адамға әсе­рі жайлы естиді. Кейіпкердің дүние­та­ны­мында осылайша мейірім мен зұ­лым­дық, шын мен өтірік сияқты ұғымдар теке­ті­реске түседі. Үлкен экранға дейін даңққа бө­леніп үлгерген фильмде бірде-бір кә­сіби актер ойнамайды. Басты рөлдегі Ти­мур Айдарбеков – Алматыдағы №2 ба­лалар үйінің тәрбиеленушісі. Түсіру тобы оны кастингтің алғашқы күні-ақ іздеп тап­қан. Баланың мінез-құлқы өз кейіп­ке­рі­ні­кіне аса ұқсас. Көпшілік алдында сөйлеуге қы­сылады, бірақ оңашада сөзуар. «Рөлге ену, сөзсіз эпизодтарды эмоциямен, іс-әре­­кет­пен түсіндіру кішкене қиындау бол­ды. Төбелес, ұру-соғу көріністерін ими­та­ция түрінде ойнадық. Бірақ ол үшін жақ­­сылап жаттықтық, кейде им­про­ви­за­ция жасадық. Қазір 9-сыныпта оқимын. Панк субмәдениетінің өкілімін. Кино сәт­ті шықты деп ойлаймын, енді басқа ки­но­ларға шақырса түсемін», – дейді Ти­мур. Картинада Асланның досы – Мир­са­йын рөлінде өте шебер ойнаған тағы бір оқу­шы – Мұхтар Андасов. «Кастинг туралы ес­тіген бойда бірден барып, сыннан өттім. Тұңғ­ыш рет киноға түсіп отырмын. Ы.Ал­тын­сарин атындағы №159 мектеп-гим­на­зия­ның 10-сынып оқушысымын. Түсірілім ке­зінде еш қиындық болған жоқ, Эмир Бай­ғазинмен тікелей жұмыс істегендіктен, қи­налмадым. Дайын мәтінді жаттап алып сөй­легеннен гөрі сөзімізді импро­ви­за­ция­мен айттық, күнделікті өмірдегідей сөй­лес­тік. Киноға түскен балалармен жақын дос бо­лып кеттім», – дейді М.Андасов. Онда­ған халықаралық кинофестивальде түрлі дең­гейде жүлде алған қазақстандық фильм­ге әлем киносыншылары мен жур­на­листердің аса жоғары баға бергені бел­гілі. Бір ғана Бер­лин ки­но­фес­ти­валіне ке­лген 4000-ға жуық ақпарат құралының өкілі «Асланның са­бақ­тары» жайлы та­маша ре­цен­зияларды жа­рия­лады. Аме­ри­ка­лық The Hol­lywood Re­por­ter журналы «Көр­­кем­дік-поэ­ти­калық талапқа ба­ғынған ерекше әсе­рлі туынды, на­ғыз шебердің мін­сіз қо­лынан шық­қан» деп жаз­са, «Көк шал­ғын жа­мылған даланың кенеттен аппақ қар­­ға оран­ғанын бейнелейтін алғашқы кадрынан бас­тап, Байғазин осы әсерлі кө­ріністі, оның ре­ңі мен субъективті шы­найылығын фильм­нің соңына дейін шебер көрсете ал­ды», – деп хабарлады Village Voice газеті. Va­riety апталығы «Режиссер-сценарист-мон­тажер Эмир Байғазин қазақ даласының бір түкпіріндегі кек пен жә­бір­леу тақы­ры­бын мінсіз зерттеп, оны ке­ме­ліне келтіре көр­сете білді. Жас әуесқой актерлердің ин­тен­сивті ойынына қол жеткізіп, сұрқай ком­по­зицияларға өзінің көркемсуретке толы кө­зімен қарай отырып, Байғазин қылмыс пен жаза ұғымдарына қатысты аса тол­қы­тар­лық толғамдар туғыз­ған», – деп баға бер­ді.
Эмир БАЙҒАЗИН, кинорежиссер:
– Кино оқиғасы өмірде бар үлкен жү­йе және Адам атты ұлы тіршілік ие­сі­нің сол жүйедегі орны жайлы. Бұл хи­кая белгілі бір елдегі жағдай емес, ондай жағдай әлемнің басқа да елде­рін­де, айталық Бразилияның нашар ау­дан­дарында немесе орыстың түкпір­дегі бір деревнясында болуы мүмкін. Біз сондай әмбебап оқиға жайлы тү­сір­дік. Балалар арасындағы зорлық-зом­бы­лық мәселесі әлем бойынша өте өзек­ті болып тұр. «Асланның са­бақ­та­ры» – тіршілік үшін күрес туралы фильм. Автор ретінде маған адам­дар­дың бір-бірімен күресінен гөрі адам­ның өз ішіндегі күресі маңыздырақ бол­ды. Кинода мектеп философиялық-әлеу­меттік сипатқа ие. Оны сондай сим­волдық мәнде қабылдаған дұрыс. Мен мол табысты күткен жоқпын, ре­жис­серлерді әдетте не тамаша табыс, не құлдырау күтуі мүмкін. Өзімнің шы­ғар­машылық міндеттерімді дұрыс орын­дай алдым ба, жоқ па – маған сол маңызды.

Гүлнәр ӘБІКЕЕВА, киносыншы, кинотанушы:
– Фильм түсірушілерін жетістігімен құт­тықтаймын. Бірақ маңыздысы кар­ти­наның халықаралық кинофес­ти­валь­дер­дің жүлдесін алғаны емес, ең бас­ты­сы – Тәуелсіздік тарихындағы ки­не­ма­тографтың жаңа буынының тең­десі жоқ туындыны өмірге әкелгені. Бұл – өзін әлемдік деңгейде таныстыра білген еңбек.

Ермек АМАНШАЕВ, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті:
– Бұл – 30-ға жуық кинофестиваль­дің жүлдесін алған фильм. Қазақстан еш­қашан «А» сыныбындағы фильм­дер­дің конкурстық бағдарламасына қа­тыспаған болатын. Бұл фильм кон­курсқа еніп қана қойған жоқ, қазақ ки­носында тұңғыш рет «Күміс аюды» же­ңіп алды. Соңғы жылдары қазақ ки­­­н­е­матографында жас буын пайда болды, олар әртүрлі жанрда жұмыс іс­теп, түрлі тақырыпты игеріп жатыр, со­ның ішінде ерекше тұратыны – Эмир Бай­ғазин. Эмирді біз алғашқы туын­ды­сынан бері білеміз. Өнер ака­демиясын бі­тірерде оның дипломдық жұмысы бол­ған қысқаметражды еңбекке де ат­са­лыстық. Тұңғыш толықметражды жұ­мы­сының Берлин кинофестивалінің жүл­­­десін алуы – қазақ киносы үшін елеу­­­лі оқиға. Қазақ киносында қа­лып­тас­қан осы жас буын: Эмир Байғазин, Әділхан Ержанов, Серік Әбішев, Талғат Бек­­тұрсынов, Фархат Шәріпов, Ахат Ыбы­­раев, Жасұлан Пошанов сияқты 30-ға тола қоймаған режиссерлер қа­зақ кинематографының алдағы даму ере­желерін қалыптастырады деп ой­лай­мын. Бұл жас буын үлкен бір лек бо­лып көтеріліп келе жатыр, ре­жис­сер­лер ғана емес, операторлар, про­дю­сер­­лер, суретшілер мен композиторлар да бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста