Әсел Сағатованың жаңа фотосессиясы көпшілікті елең еткізді. 33 жастағы актриса көздің жауын алатын суреттерін өзінің Instagram парақшасында жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушылары өнер иесінің сұлулығына тамсанып, жарыса пікір білдірген.
"Өте әдемісіз", "Сұлулықтың символысыз ғой", "Сіздің әдемілігіңізге таңғаламын әрі тамсанамын", "Қыздың көзі қызылда", " Шероун Стоунның жас кезіне айнымай қалыпсыз".
"Өте әдемісіз. Бірақ неге үнемі жалғызсыз?", "Керемет модель", "Сұлулығыңызға көз тоймайды" деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, 33 жастағы актриса Семей өңірінің тумасы. Ол 2010 жылы бизнесмен Радий Мұхамеджановқа тұрмысқа шыққан.
Әсел Сағатованың бүгінгі таңда бір ұл, бір қызы бар.