Отандық шоу-бизнесте жаңа әдемі жұп пайда болды.
Аша Матайдың туған ағасы Айдар Асқарбек Жарқынай Ханайымға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.
14 ақпан ғашықтар күнінде Баян Алагөзованың бауыры қызды мейрамханаға шақырып, сақина салып, үйленуге ұсыныс жасаған. Бақытты Жарқынай “иә” деп жауап берді.
Жұп «Рауза» сериалының түсірілімінде танысқан. Сюжет бойынша әртістер соңында қосылмайтын ғашықтардың рөлін сомдаған. Есесіне өмірде Айдар мен Жарқынай мәңгілік бірге болуды шешкен.
2016 жылы Жарқынай Ханайымды көпшілікке Баян Алагөзова таныстырған болатын. Оны қоластына алып, жұлдыз жасамақ болған. Алайда дебюттік клип шыққаннан кейін продюсер бұл шәкіртімен жұмысты тоқтатқан.
Араға бірнеше жыл салып, Жарқынай Баянға қайтып оралды, бірақ әнші ретінде емес, актриса ретінде. Ол оның сериалында басты рөлге бекітілді.
Айдар Асқарбек — Аша Матайдың ағасы, әрі Баянның әпкесі — Бәтес Мухитденованың ұлы.