Кеше Иран астанасы Тегеранда өз жұмысын аяқтаған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының мемлекет және үкiмет басшылары дәрежесiнде өткен Х саммитiнiң соңғы күнi елдер арасындағы мәдениет және ғылым саласындағы байланыс мәселесi талқыланды.
Осы басқосу барысында Қазақстан Бiлiм және ғылым министрлiгiне қарасты Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Меруерт Әбусейiтова ЭЫҰ-ның арнайы сыйлығымен марапатталды. Бұл сыйлық Шығыстану институтының директорына ұйымға мүше елдер арасындағы ғылыми қатынасты арттыруға қосқан үлесi үшiн берiлiп отыр.
Тарих ғылымының докторы, профессор, «Парасат» орденiнiң иегерi Меруерт Әбусейiтова – қазақ хандығы тарихы және деректану саласы бойынша маман.
Арнайы сыйлықпен марапатталды
Последние статьи автора