Арман Давлетьяров Қазақстан Республикасы Президентінің Теле-радиокешені кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Танымал медиаменеджер Арман Давлетьяров Қазақстан Республикасы Президентінің Теле-радиокешені бас директорының кеңесшісі болды.
Арман Давлетьяров - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Муз-ТВ арнасының экс-жетекшісі, кәсіпкер, психология ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, медиа менеджер, тележүргізуші, TEFI сыйлығының иегері.
Ол Қазақстан Республикасының "Құрмет", Ресей Федерациясының "Достық" ордендерімен марапатталған.