Арман Астанада жүр

Бүгін Астанада қазақтың тұңғыш кәсіпқой режиссері Жұмат Шаниннің немересі скрипкашы Арман Мұрзағалиевтің жеке концерті өтеді. «Реми» триосының негізін қалаушы, талантты скрипкашы Арманның әкесі Раупбек Шанин де Қазақстанның алғашқы кәсіпқой скрипкашысы болды. Арман бүгінде АҚШ-тың Бостон қаласында тұрады.
Астанадағы Комфорт қонақ­үйін­де жур­­­­­налистермен жүздескен «Реми» трио мүшелері осы жайды хабардар етті. «Ре­ми» триосын 2007 жылы Арман Мұр­за­ғалиев мектеп кезінен бергі досы – пиа­нист Ерлан Мансұровпен және Мәс­кеу­­дегі досы – виолончелист Алексей Най­­­­денов­пен бірігіп құрған. «Трионың «Ре­ми» аталу себебі – қазақтың тұңғыш кә­сі­би скрип­кашысы, әкем Раупбек Ша­нин­нің лақап аты. Сонымен қатар «ре» және «ми» му­зыкалық дыбыс нотасының атауы. Осыған байланысты трионың да атын осылай қояйық деп шештік», – дейді шаниндердің бүгінгі ұрпағы.
Бұл олардың 2007 жылдан бергі қазақ даласында қойған екінші концерті. «Ұлтым қазақ болғандықтан, мен өз елімді мақтан тұтамын, сондықтан туған жерім әрқашан тартып тұрады», – дейді Арман.
Концерт 24 сәуір күні Қарағандыда да жалғасады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста