Арман арманына қол жеткізді

Арман арманына қол жеткізді

Сейсенбі күні Қарағанды жұртшылығы «Жұлдызды сәт» байқауында бас жүлде - 5 млн теңгені жеңіп алған Арман Қарынсауды күтіп алды. Күтіп алушыларға риясыз алғысын жеткізген Арман бұл қаржыны денсаулығын түзетуге жұмсайтынын айтты. Мыңнан тұлпар шыққан Арман Қарынсау осыдан алты жыл бұрын көлік апатына түсіп, арбаға таңылған еді. Мүшел жасында көлік қағып кеткен баланың ендігі арманы – аяғынан тік тұру.
Арман Теміртау қаласында тұрады. Ата-анасымен осыдан оншақты жыл бұ­рын Өзбекстанның Тамды ауылынан Те­мір­тауға табан тірепті. Теміртаулықтарға Ар­ман етене таныс. Бұған дейін бірнеше бай­қауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Былтырғы жылы Арман ме­тал­лургтер мекенінде шығармашылық ке­шін өткізген болатын. Енді талантымен топ жарған Арманның арманы орындалар шақ та алыс емес секілді. Өмірге, өнерге құш­тар жас Алла жазса, әлі өнер дода­сын­д­а озық шығарына күмән жоқ.
Арман ҚАРЫНСАУ, «Жұлдызды сәт» байқауының жеңімпазы:
– Баршаңызға рақмет. Сіздердің қол­дау­ларыңыз арқылы мен жеңімпаз атан­дым. Ал 5 миллион теңгені ден­сау­лы­ғым­ды түзеуге жұмсаймын. Өмірімді өнер­мен байланыстырғым келеді. Маған үміт ар­тып, дауыс берген бар­ша тыңдарманға ай­тар алғысым шек­сіз.

Әншіге қолдау көрсеткен Қарағанды об­лыстық Жастар саясаты басқармасы, «Жас Отан» Жастар қанаты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста