Қарттарға құрмет жасаудың ерекше үлгісін Алматы облысы Жаркент қалалық округінің әкімі көрсетті. Жүзге жуық зейнеткерге арнайы автобустар бөлген әкім Бақыт Нұрелов Жаркент өңірінің жаңарғанын қартаң адамдардың өз көзімен көруіне жағдай жасады.
Осы өңір арқылы өтетін Жетіген-Қорғас теміржол желісі бүгінде ғасыр құрылысы атанып отыр. Қарқынды жұмыс пен өлкенің өркендеуін зейнеткерлер БАҚ жаңалықтары арқылы көріп-біліп отырғанымен, өз көзімен көргендей болмайтынын айтады. «Алтынкөл» теміржол стансысы мен теміржолшыларға арналып салынған Нұркент қалашығын ардагерлер армансыз аралады. Оларды әсіресе ғасырлар бойы сартап болып жатқан құм төбешіктердің орнынан қазір сәулетті де дәулетті ғимараттардың бой көтеруі расында таңғалдырғандай. «Жақсыны көрмекке» дегендей, өз ошағынан алысқа ұзап шықпайтын қариялар үшін бұл бір естен кетпес саяхат болды.
Ардагерлерге құрмет жасалды
Последние статьи автора