Әр шаңырақтың шырағын күзеткен қойылым

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазақ ата-әжелерінің «айналайын, шырағым» деп еміренгеніне жетер жер бетінде махаббат бар ма сірә?!. Немесе қолына су құйған жас балаға үлкендер «Шырағың сөнбесін!» деп бата беруші еді бұрын. Яғни қазақ үшін шырақ ұғымының қадір-қасиеті ерекше. Шырақ – жарық, ал жарық – өмірдің, тіршіліктің белгісі. Ендеше, сол жарық, сол шырақ сөніп қалса не болмақ?
Сағын мен Нұргүл – сырт көзге сүттей ұйыған, төрт құбыласы түгел отбасы. Сағын – тасы өрге домалаған кәсіпкер, ал Нұргүл сол бір азаматының жолында барлығын құрбан етіп, тек түтініміз түзу ұшса деп отырған адал жар. Бірақ... шын мәніндегі бұл отбасының бетпердесі кенет бір-ақ түнде сыпырылып түсті. Нұргүлге соғылған бір-ақ қоңырау! Бойын кернеген қызғаныш Сағынның сабырын сарқып, келіншегінің сөзін тыңдатпай, дегбір­сіз­дікке ұрындырған еді. Үндемей көніп, қайғы-мұңын жұтып келген келіншек те шыдамның шегіне жеткен-ді. Шарт кеткен күйі түн жарымы екеніне қарамай, басы ауған жаққа шығады да, жүре береді. Сол түн жұбайлар үшін тазару мен арылу, ой түю, ақ пен қараны айыру, өз қателіктерін сезіну, ал, ең бастысы, қойылымға арқау болған да осы түн еді. Біз бүгінде М.Әуезов атын­дағы Қазақ мемлекеттік академиялық дра­ма театрында жүріп жатқан ақын, дра­матург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрлан Оразалиннің «Шырақ жан­ған түн» лирикалық драмасы жайлы айтып отыр­мыз. Қоюшы-режиссері – ҚР ең­бек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақып­бай.
«Әр отбасы өзінше бақытсыз» деген сөзді алғаш көзім шалғанда, сірә, бұл жерде қателік кеткен-ау, «өзінше бақытты» болса керек деп ойлағанмын. Ал шын мәніне келгенде, автор еш қателеспеген, тек «қателескен ғой» деп түйген менің балаң ойым екен. «Шырақ жанған түн» арқылы автор жұбайлардың арасындағы қылдан нәзік сезімге кейде қызғаныш пен тұрмыс келіп килігіп, екеуараға сына қағатынын көрсетуді көздесе керек. Басты рөлдегі Сағын – Еркебұлан Дайыров пен Нұргүл – Ләззат Қалдыбековалар осы жауап­кершілікті сезініп, актер боп ойнап емес, кейіпкерге айналып сол өмірді сүрген­дей. Әдетте қойылымдарда оқиға­ның қалай өрбіп, немен бітерін көрермен алдын ала біліп отырады ғой. Бұл ретте режиссер кейіпкерлердің ішкі дүниесі мен жеке болмыстарын ашу үшін тосын дүниелерді қосқан.
Әсіресе ой салатын тұсы – үйде қалған ашулы күйеу мен сабырлы көршінің ара­сындағы диалог. «Ел мен жердің тарихын жазам дейсің, алдымен өз шаңырағыңды тіктеп алсаң етті» деген құдайы көрші, байсалды қарияның сөзі көп адамды ойға жетелесе керек. Сондай-ақ осы диалогте адамгершілік, ар мен ұят, адами түсіністік секілді рухани құндылықтарды қастер тұтатын аға буын мен бүгінгі «бастысы – ақша, атымды шығарамын» дейтін мате­риалдық құндылықтарды бетке ұстаған ұрпақтың арасындағы қақтығыс жақсы ашыл­ған. Басында қария ғой деп көр­шісінің сақалын да сыйламай өрекпіген жігіт ақырында сол «стариктің» даналығын мойындап, өрекпіген көңілін басады.
Келіншек кетіп қалған сәттен бастап үйде жарықтың сөніп қалғаны қойы­лым­ның бар айтар философиясы еді. Расында, бұл үйдің шырағы баяғыда-ақ сөніп қалса керек. Бар міндетім ақша тауып, дүние жинау ғана деп, сол жолға басымен беріліп кеткен басты кейіпкер тіпті жан жары­ның көңілін аулау, оны еркелету секілді сезімдер былай тұрсын, тіпті Нұр­гүлінің туған күнін ұмытқан. Әйеліне дүрсе қоя беріп, қызғаныштан ауыз аштырмаған күйеуі соңында шындықты білгенде ұяттан өртенеді. Себебі ол құдайы көршісі екен. Күйеу ұмыт қалдырса да, көршісі келі­ніндей көретін Нұргүлдің туған күнін есте ұстап, құттықтаған еді. Бүгінгі күннің портретін осындай нәзік, сырлы шығарма арқылы ашуды көздеген автордың да, режиссердің де, сол өмірді көз алдымызға келтірген барша актерлер қауымы және сахна сыртында қаншама қыруар еңбек сіңірген театр қызметкерлерінің маңдай тері еш кеткен жоқ. Премьерада көрермен залынан Жазушылар одағы бастаған еліміздің барша зиялы қауымы, тіпті көп жерге бара бермейтін Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі де табылды.
Нұрлан Оразалин, ақын, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері:
– Уақыт қашанда адамдарға өз үстемдігін жүргізіп, өз жаңалығын енгізіп отырады. Бүгінгі қарбалас өмірді, қарбалас заманның талабын ескере отырып, драматург ретінде соған өз үлесімді қосқым келді. М.Әуезов театры мен режиссердің ұсынысымен өзімнің ішкі даусым үйлесіп, осындай қойылымға алып келді. Бұл – бүгінгі жаһандану заманында қазақтардың бастан кешіріп отырған келеңсіздіктері мен қиындықтары. Дегенмен махаббат барда – өмір бар, сондықтан заман ауысса да, махаббат мәңгілік тақырып болып қала береді. Адамның ғашық бола білуі, сүйгенін жоғалтып, қайтадан табуы, оралып соғып, екі ғашықтың бірін-бірі іздеуі, ал ең басты қазына-байлық – екі адамның бірін-бірі жоғалтпай қалуы – бүгінгі қойылымның басты айтар ойы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста