Ақындар қайыр сұрауға жақын жүр

Семейдегі ақындар алақан жайып жүр. Республиканың түрлі облыстарында өтіп жатқан жыр додасына қатысуға еш мүмкіндіктері жоқ жас таланттар қаражат іздеп шабылуда. Олардың қамын ойлап, Халықтық ақындар орталығының жетекшісі Дәметкен Омарбаева да көрінген есікті сығалап, әркімнен ақша сұрауға мәжбүр. Басқа облысты былай қойып, Семейге тиіп тұрған Павлодар қаласында жуық арада өтетін айтысқа шақырылған төрт ақын аламанға бара алмай қалуы мүмкін. Балғындар бабында болғанмен, баруға қаражат тапшы.
Семейде жас ақындарды баулитын орталықтың жұмыс істегеніне – тура 14 жыл. Басында, яғни 1996 жылы аталған орталық студия ретінде ашылған. Ал 2002 жылдан бастап Әділет министрлігінің шешімімен «Халықтық ақындар орталығы» статусын иеленді. Айта кетерлігі, мұндай орталық мұқым республика бойынша жалғыз ғана. Оның штатында екі адам жұмыс істейді. Мемлекет қамқорлығында болса да, бөлінген ақша өрендердің өнерін басқа елге паш етуге жеткіліксіз.
Қазір ақындар орталығында 100-ге тарта тәрбиеленуші ақындық өнердің қыр-сырын үйренуде. Бұлардың жартысы оқушылар болса, қалғаны студенттер. Олар орталықта бас қосып, өзара сөз сайысына түседі. Ерекшелігі сол, онда келуші таланттар жазба поэзиямен қоса, суырып салма айтысты да қатар алып жүргендер.
Бұл орталықтан Ринат Заитов, Сара Тоқтамысова, Қарлығаш Әубәкірова, Әсем Жұмағазина, Нұржан Өмірбаев сынды республиканың түкпір-түкпіріндегі айтыстарда шашасына шаң жұқтырмай, жеңіс тұғырынан көрінген айтыскер ақындар түлеп ұшқан. Өнер ордасынан шыққан шәкірттердің көпшілігі қазір әр салада қызметте. Бірақ әлі күнге дейін орталықпен тығыз қарым-қатынаста.
Семей – Алаштың қаласы. Бұл топырақта Абайдай дара, Мұхтардай дана, Шәкәрімдей ұлы тұлғалар дүниеге келді. Ұлылар туған топырақта көркем тілді, көрікті ойлы таланттар жетіп-артылады. Тек солардың көзін ашып, халық алдына шығаруға қолдың қысқалығы кедергі.

Дәметкен ОМАРБАЕВА, Семейдегі Халықтық ақындар орталығының жетекшісі:
– Кезінде Семейде талай айтыстар өтті. Абай, Мұхтар, Шәкәрім туған топырақта олардың ізбасарлары болуы керек. Сол кезде ақындар отанында ақындар тобы болуы тиіс деген мәселелер көтерілді. Ұлылар мекенінде ақындар бас қосатын арнайы орталық болуы керек деген ойлар айтылды. Орталық осындай ойдан өмірге келді. Басында студия ретінде ашылды. Алғашында небәрі бес-алты ақын ғана келіп жүрді. Қазір, құдайға шүкір, 14 жылда оның саны 130-дан асып жығылды. Ақындарымыз бірінен-бірі өткен.
Біз олардың болашағынан зор үміт күтеміз. Негізі, айтыста әлеуметтік мәселелер көтеріледі. Балғындар Абайдың, Мұқағалидың тілдерін алып жүруі керек. Сол үшін жатпай-тұрмай дайындық жасаймыз. Оларды шешендікке, шежірелілікке тәрбиелейміз. Бүгінде біздің Халықтық ақындар орталығы мәдениет бөлімінің қанатының астында. Жыл сайын өткізіп отыратын төрт дәстүрлі айтысымыз бар. Бастысы сол – қаражатқа тіреледі. Небір талантты балалар өз арамызда қалып қойып жатады. Оларды республиканың әр облысына апарып, аламан додаға қатыстыруға қаражат жағы қолбайлау. Әйтпесе Ринат пен Сараның, Әсем мен Дина, Нұржандардың ізбасарлары баршылық. Қолдау жоқтығынан жас ақындардың таланттары тұншығып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста