Ақын Айбол Исламғалиевтің "Көктемгі идиллия" атты жыр жинағы жарыққа шықты

Алматыдағы Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында жас ақын, Халықаралақ "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалінің "Ермұрат Зейіпхан атындағы арнайы жүлдесінің" иегері Айбол Исламғалиевтің «Көктемгі идиллия» жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Тұсаукесер кешіне Байбота Қошым-Ноғай, Мұрат Шаймаран, Тоқтарәлі Таңжарық, Қайсар Қауымбек сынды ақындар қатысты. Олар Айболды тырнақалды жыр жинағымен құттықтап, жас ақынның кітабына жылы лебіздерін білдірді. Өлеңдерін талдап айтып, тың ізденістері мен поэзиясының көркемдігін тілге тиек етті.


Айбол Исламғалиевтің «Көктемгі идиллия» жыр жинағы «Қасым.кз» сериясы жобасы аясында жарыққа шықты. Бұл жоба - қазақ әдебиеті әлеміне енді адымдап келе жатқан талантты ақындарды қолдап, шабытына қамшы болатын бірегей бастамалардың бірі. Кеш барысында Қарағандыдан арнайы келген жоба порталының редакторы Нұрлыхан Қалқаманұлымен тілдесудің сәті түсті.
- Бұл жоба «Қасым.кз» порталының ақылдастар алқасының төрағасы Нұрлан Болатбекұлы мен қарағандылық ақын Серік Ақсұңқарұлының идеясы бойынша жүзеге асып келеді. Осыған дейін қарағандылық ақын Аян Мираштың «Саған арнадым», семейлік ақын Арман Шеризаттың «Тәңірқұт» деген кітабы шықты. Енді үшінші болып Айбол Исламғалиевтің «Көктемгі идиллия» кітабы 300 данамен жарық көріп отыр. Жоба негізінен дауылпаз ақын Қасым Аманжолов жүріп өткен жол негізінде жалғасын тауып келеді. Ақын бірінші Қарағандыда, одан кейін Семей мен Оралға, кейіннен Алматыға ат басын бұрғанын білеміз. Яғни келесі кезекте алматылық ақынның жыр жинағы жарыққа шығатын болады, - деді Нұрлыхан Қалқаманұлы.
Жас ақынның тұңғыш жыр жинағының тұсаукесер кешіне аға буын өкілдері мен бір топ замандастары қатысты. Айболға жүрекжарды тілектерін айтып, жырларын жатқа оқыды. Ал біз жас ақыннан кітабының атауын неге «Көктемгі идиллия» деп атағаны туралы сұрадық.


- «Көктемгі идиллия» деп аталуының себебі, көктемге анықтама бере алатын, осы ғажап жыл мезгілінің шынайы бейнесін жан-жақты аша алатын, Тәңір жаратқан жанды және жансыз әлемнің үйлесім табуы идиллия болса, менің жағдайымда бұл – көктемгі идиллия. Жинаққа енген өлеңдерімнің 90 %-ға жуығы да көктемде жазылған, - деді Айбол Исламғалиев.
Айбол Исламғалиев – өзінің нәзік лирикасымен әрі жаңашылдығымен танылып келе жатқан таланттардың бірі. Біз де жас ақынға шығармашылық табыс тілейміз. Шабытың шау тартпай, бұдан да биік белестерден көріне бер, Айбол ақын!

massaget.kz  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста