«Қызыл өрік», - деп тойдың төрін бермеген Ақылбек Жеменей көптен бері бейнебаян түсірмей көгілдір экраннан алыстап жүрген еді. Жуырда әнші жаңа әнін жарыққа шығарды.
«Айсұлу», - деп аталатын бұл әннің авторы Болат Нұрғазин. Композитор өз туындысының сөзінде жазған көрінеді. Ал, Ақылбек өзге әндеріне емес, дәл осы әнге бейнебаян түсіруді қалап отыр. Оның сыры мынада.
Ақылбек Жеменей: "Енді сұраныс жаман емес болып жатыр. Сол әнге бейнебаян түсіремін ба деп ойлап отырмын қазір".
Түсіргелі жатқан бейнебаянның режиссері ретінде Жеңісханды таңдап отыр. Қазірдің өзінде клипмейкермен келіс сөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, бұл бейнеклиптің екінші аты да бар көрінеді.
"Менің ойымдағы клип, осы Алматы қаласының ішінде... Клиптің аты Алматы деуге болады. Қаланың әшәнде, Алматыны көрсетіп, сондай клип істеймін деп ойлап отырмын",- дейді Ақылбек.
Ән белгілі бір қыздың есімі болғанымен Ақылбек мырза өзге қыздарды да ренжіткісі келмей, жалпы қыздарға арналатынын айтты.
Ақылбек Жеменей: "Қазақтың әрбір айдай сұлу сұлуларна арналған".
Бәлкім, әні хит болмай қалады деп ойласа керек. Уайымдаңыз Ақылбек мырза, бәрібір халық өзіне керегін алады. Ең бастысы көзқуанышы болатын бейнебаяныңыз сапалы болса, болғаны. Ендеше, жаңа бейнеклипіңізді асыға күтеміз.
gakku.kz