Биыл Тәуке хан тұсындағы қазақтың әйгілі үш биінің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке бидің туғанына 370 жыл толып отыр. Бұған дейін Алматы, Қарағанды қалаларында осы мерейтой атап өтілген еді. Ал 30-31 қазанда, Ақтөбе облысында Әйтеке би күндері өтті.
Биыл Тәуке хан тұсындағы қазақтың әйгілі үш биінің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке бидің туғанына 370 жыл толып отыр. Бұған дейін Алматы, Қарағанды қалаларында осы мерейтой атап өтілген еді. Ал 30-31 қазанда, Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен, Ақтөбе өңірінде де Әйтеке би күндері өтті.
Мерейтойлық шаралардың бірі сурып салма ақындардың жыр додасы болды. «Әйтеке би – ұлт кемеңгері» деген атпен аталған айтысқа Талғат Тілеулесов, Ертай Сарманов, Олжас Үрістемов , Ершат Қайболдин, Жұлдыз Қожабекова, Оралбай Каметия, Есімхан Жаманбай, т.б. ақындар қатысты.
Облыстың деңгейде ұйымдастырылған айтысқа ақын Н.Қалауов басшылық еткен қазылар алқасы төрелігін жасады. Қазылар алқасы құрамында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ермұхан, «Қазақия» газетінің тілшісі Ш. Елеусіз, ақын Ж.Айжанов және аудандық мәслихаттың хатшысы А.Ермағамбет болды.
Алдын ала берілген нөмірлері бойынша айтыскерлер 6 жұп құрап, бір ақын келесі кезеңге тура өтті. Бір-біріне әдемі әзілдей отырып, көкейтесті мәселелерді де қозғай білген ақындарға халықтың қошеметі өте зор болды. Қорытындысында, І орынды Әйтеке би ауданының намысын қорғаған Оралбай Каметия мен Хромтау ауданының атынан сынға түскен Жұлдыз Қожабековлар өзара бөлісті. Нартай Тілеуқұлов пен Жәнібек Бейбітов - ІІ орынды, Ершат Қайболдин (Темір) мен Ұлан Баймұханов ІІІ орынға ие болды.
Аламан айтысқа аудан әкімдігі де өз жүлделерін табыстады. Жалпы, бұл күні сахнаға шыққан айтыскерлердің ішінде сый-сияпатсыз, марапатсыз қатйқан ақын болмады. Барлығы да ақшалай және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
"Kazaitys.kz"
Ақтөбеде "Әйтеке би – ұлт кемеңгері" деген атпен аламан айтыс өтті
Последние статьи автора