Ақтөбе көрмесі – Түркістанда

Ақтөбе облысының 80 жыл­дығына орай, Түркістан қаласында «Құтты мекен – арайлы Ақтөбе» атты көрме өтіп жатыр. Оны Ақтөбе облыс­тық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырды. Түркістандықтар енді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайынан бір ай бойы Ақтөбе облысынан әкелінген тарихи құнды жәді­герлерді тамашалай алады.
Көрмеге «Ақтөбе өңірінің ежелгі тари­хы», «Ақтөбе – батырлар мекені», «Атақты жерлестер», «Ақтөбе – өнеркәсіп алыбы» тақырыбы аясындағы археоло­гиялық, этно­графиялық, тарихи сәулет ескерт­кіш­тері мен жәдігерлер, Әбіл­қайыр хан ту­ралы кітаптар қойылған. Әбілқайыр хан сүйегін Хан моласына қайта жерлеу рәсімі кезіндегі суреттер планшет арқылы көр­сетілді. Нұрпейіс Байғанин мен Шығанақ Берсиевтің тұтын­ған жеке заттарын, Тама Есет Көкі­ұлының кіреуке сауытын, Қобы­ланды батыр кесенесінің кірпішін қолымен ұстап көріп, Абат Байтақ кесенесінің ма­ке­тін тамашалауға болады. Тек Ақтөбе об­лы­сында кездесетін сақ, сармат дәуі­ріндегі сүйек қасық пен домбыра, Бесоба шынтас қорымынан табылған құрбандық шалу ыдысы да бар. Батыр қызымыз Әлия Мол­да­ғұлова, шығыс қыздарының арасынан шыққан тұңғыш кәсіби ком­позитор Ғазиза Жұбановадан басқа, атақты Ахмет Жұба­нов, Виктор Пацаев, Жансен Кереев тура­лы құнды мәлімет­терді оқып, көп нәрсені білуге болады.
Бақытжан ЕШБАЙ, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры:
– Ақтөбе өңірі – тарихта ізі қалған Әбіл­қайыр хан, Әйтеке би және Бөкен­бай мен Есет Көкіұлының, Асау мен Барақтың атамекені. Сондықтан кейінгі ұрпақ біліп өссін деген ниетпен тарихи маңызы зор жәдігерлерімізді апардық. Қазіргі таңда мұражай қорында 103 мыңға жуық жәдігер болса, соның ішін­дегі ең құнды дүниелерді осы көрмеге қойдық. Мәселен, Түркияның Анкара, Стамбул қалаларында өткен көрмелер­ге қаты­сып, жұртшылықтың қызығушы­лы­ғын тудыр­ған белдік, сақина секілді отыз­ға жуық бұйымдар бар. Олардың барлығы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи баба­мыз­дың мешітіндегі Үлкен Ақсарай бөл­месіне қойылды. Қалың жұрт­шылықтың емін-еркін кіріп таны­суы­на жағдай жа­сал­ған. Жалпы, көрме өткі­зу – мұражайдың ең негізгі жұмысы­ның бірі. Дегенмен мұндай көрмелерді басқа облыстар ай­мағында жиі өткізіп, тәжіри­бе алмасып тұрғанның да маңызы зор.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста