"Ақшаның бәрін отағасы ұстайды": Айнұр Ілиясова алғаш рет отбасылық бюджет пен күйеуі туралы сұхбат берді

Екі қыздың анасы, актриса Айнұр Ілясова қазір көбірек отбасылық құндылықтар мен тәрбиесі бар жобаларды қолға алуда. Мұның сырын актриса Stan.kz тілшісіне түсіндіріп берді.
Айнұр, жуырда ғана жарыққан шыққан балаларға арналған жоба құтты болсын. Идея кімдікі? Демеуші болды ма? Қаншалықты қиын немесе оңай болды?

Бірінші қызым дүниеге келген соң балаларды дамытатын қазақтілді мультфильмдердің аз екенін байқадым. Содан осындай идея келді. Бұл жобаны жасау оңай болмады. Мен ең бірінші кастинг жариялап балаларды таңдадым. Олар билей де, ән айта білуі де, актерлік икемдері де болуы керек болды. Одан кейін костюм тігілді. 5000 мультфильмнің сценарийін жаздық. Текст жазылды, оған музыка жазылды. Кастингтен таңдалған балалар вокалға, биге барды. Өте көп жұмыс жасалды. Түсірілімге дейін 2-3 ай дайындық жұмыстары жүргізілді. Кейін монтажбен біраз тоқтап қалды. Міне, бұйырған сәті осы кез болды. Ешқандай демеуші болған жоқ. Өз қаражатыма түсірдім.

Өзіңіз актриса ретінде бірнеше фильмдерде түстіңіз. Енді продюсер ретінде бағыңызды сынау жоспарда жоқ па?

Әзірге екі қызым да кішкентай. Сондықтан, фильмге кірісу қиындау. Бәрі болашақтың еншісінде.

Жолдасыңызды сырткөз өте бай азамат дейді. Қаншалықты финанстық тұрғыда сізге қолдау көрсетеді?

Иә, өте бай азамат. Жүрегі бай, рухани бай, ақылды. Бір сөзбен айтқанда жігіттің төресі. Менің байлыққа деген көзқарасым басқаша. Құдайға шүкір баршылық. Не ішемін, не киемін демеймін. Тұратын үйіміз бар, көлігіміз бар. Күнделікті ішетін-жейтін тамағымыз бар. Аллаға шүкіршілік етемін.

Сіздің үйде кімнің табысы көп: жолдасыңыздың ба, сіздің бе? Отбасында ақшаны кім ұстайды: сіз немесе отағасы?

Екеуміз де табыс табуға тырысамыз. Ақшаның барлығы отағасында. Оны депозитке салып қоямыз. Мен көп ақша ұстағанды ұнатпаймын.

Ақша жинауға каншалыкты мұқиятсыз? Сіздің ақшаға қатысты үш кеңесіңіз?

Бұрын мұқият едім. Қазір шығыным көп. Дүкенге кірсем, тамақ керек. Бала-шағаға киім керек, анау керек, мынау керек деп жұмсалып кетеді. Өзіме ғана емес, отбасымыздың қажеттіліктеріне жұмсаймын.

Өмірге қайта келсеңіз нені өзгертер едіңіз?

Глобалды түрде үлкен өзгеріс жасамаймын. Бірақ, жастық шағымды бос өткізбес едім. Көбірек білімге, оқуға арнайтын едім. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста