Ақмола – бізге ғұндардан жеткен сый

Ақмола – бізге ғұндардан жеткен сый

Кезінде архитектуралық кескінділігімен ерекшеленген ғимараттардың бірі Александр Невский соборы болыпты (1-сурет). Бізге 1881 жылғы 12 мамырда тұрғызылған бұл алып нысанның тек суреті ғана жеткен.

(Жалғасы. Басы №100 санда)

Ол ІІІ Александр мен отбасының құрметіне салынса керек. Собордың сәулетшісі – тобылдық инженер-технолог Павел Голышев. Большевиктер 1940 жылы қиратып тастаған. Сондай-ақ қалада бір класты училище, мешіттің жанынан (бұл бұрынғы Орталық базардың жанындағы үлкен мешіттің орнында болған. 1920 жылы қызылдар өртеп жіберген) татар мектебі ашылған. 1868 жылы Ақмола уезд орталығына айналды.

Ақмола бекінісінде ең алғаш бой көтерген ғимарат – бекіністің негізін қалаған Федор Шубиннің әскери казармалық бөлімшесі. Казармалар Есіл өзенінің жағалауында жатқан қазіргі №1 лицейдің аумағында болған. Бұлардың ең соңғысы 1973 жылдың қыркүйек айына дейін тұрыпты. 1890 жылдары Ақмоланың орталық алаңында екі корпустан тұратын бір қабатты  дүкендер, қонақжайлар салынады. Жеке секциялар мен дүкендер шеттен келген саудагерлерге жалға берілетін болған. Қазір бұл қонақжайлардың орнында Sine Tempore сауда орталығы орналасқан. Сондай ғимараттардың бірі – «Метеор» кинематографы. 1910 жылы іргесі қаланған жекеменшік «Метеор» кинематографы қазіргі Желтоқсан-Кенесары көшелерінің қиылысындағы сауда орталығының орнында болған ағаш үйде орналасқан.

Бекіністе Сәкен Сейфуллиннің ұйымдастыруымен 1917 жылы тұңғыш қазақ тіліндегі «Тіршілік» газеті жарық көрген. Редакциясы Астана қаласындағы «Абай» қонақүйіне таяу жердегі екі қабатты ғимаратта болған. Өкінішке қарай, бұл ғимарат бізге жетпеген. Сондай-ақ 1920 жылы 1 қазанда ашылған драма театры, атақты саудагер Семеновтың үйі деген тамаша құрылыстар болған. Семеновтың үйінің орнына тың игеру жылдары «Москва» қонақүйі салынды. Соңғы жылдары адам танымастай өзгертілген бұл нысанда көпке дейін Қазақ ақпарат агенттігі отырды.

Ағайынды Қосшығұловтар осы өңірде алғаш рет кәмпит фабрикасын іске қосқан. Бұл ғимараттан да бүгінде із жоқ. «Абай» қонақүйі салынғанда, ысырылып тасталған» дейді көз көргендер. Кәмпит фабрикасына төңкерістен соң түрлі мекемелер орналасты. Басында айтып өткен «Тіршілік» газетінің редакциясы да біраз уақыт осында болды. 1928 жылы қалада қуаты 18 квт электр стансысы іске қосылыпты. Деректерге қарағанда, одан тартылған электр желісінің ұзындығы сегіз шақырым аумақты қамтыған.

Алайда аумалы-төкпелі заманға қарамастан, көптеген нысандар жақсы сақталып қалды. Бұл ғимараттар күрделі жөндеуден өтіп, түрлі мекемелерге қалқан болып, халық игілігіне жарап отырғанын айту керек. Бүгінде қалада тарихи мәні зор 40-қа жуық тарихи-мәдени орындар бар екен. Олардың 16-сы – жергілікті дәрежедегі, екеуі – республикалық дәрежедегі ғимараттар. Соңғыларының бірі деп Тың игерушілер сарайы (қазіргі Конгресс-холл мәдениет сарайы) мен Отырар көшесіндегі Сәкен Сейфуллиннің үйін айтуға болады. Ол сол үйде қазақ балаларына сабақ берген.

01325

02286

03176

Казанцевтің үйі
Зұлматты жылдардан аман жеткен жәдігерлердің бірі – көпес Казанцев салдырған үй (2-сурет). Ол – бүгінге дейін өз қалпын бұзбай сақталған үйлердің бірі. 1846 жылы салынған бұл құрылыс 80-жылдардың соңында Сәкен Сейфуллиннің мұражайына айналды. Оған жапсарлас салынған үйде Благовеценский деген дәрігер тұрған екен.

Көпес Кубриннің үйі
Қаладағы ең үлкен үй – Василий Кубриндікі (3-сурет) болатын. Бұл үй бүгінгі уақытқа дейін сақталған. Кубриннің үйі 1910-1912 жылдары тұрғызылған. Ауласында ағылшын стилінде бақ болған. Кәсіпкер әр ағашты өз қолымен отырғызыпты. Ол ағаштар қазір де сақталған. 1913 жылы Василий Кубриннің үйін «Ресей» сақтандыру қоғамы 40 мың рубльге бағалаған. Яғни бұл сол кездегі баға бойынша 700 жылқыға тең. 30-жылдары бұл үйді НКВД иеленді, кейін милиция басқармасына айналды. Соңғы жылдарда өлкетану мұражайы қоныстанды. Кенесары және Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан ол үйде қазір Украина елшілігі орналасқан.
(Жалғасы бар).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста